Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3615 2 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 14:13

Айдын Ашуев қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды

Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК басқарды.

2019 жылдың қаңтарынан тамызына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

2019 жылдың тамызынан Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746