Қазақстанмен шекарада жүк көліктерінің өте алмай тұрғанына сүйенген депутат осы мәселені көтеретін уақыт келді деп мәлімдеді.
Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылы 12 тамызда кірді. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей осы ұйым аясында тауарын, қызметін, капиталы мен жұмыс күшін еркін өткізе алады. Дегенмен қырғыз кәсіпкерлері ұйымға мүше болғалы бері тауарын Қазақстанға экспорттау кезінде түрлі қиындыққа тап болып жүр. Қазақ-қырғыз шекарасында бірнеше шақырымға созылған кептеліс болып тұрады.
4 маусымда Қырғызстан вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай одақтас мемлекеттер келісіміне қайшы деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы апталарда жағдай "тым күрделеніп кетті".
Abai.kz