Құжатқа сәйкес, биыл 1 тамыздан бастап автокөліктерге акциз салығы жойылады.
Қазір республикада жеңіл автокөлік импортына 30 пайыздық акциз салығы алынып жүр. Ресейде, Қазақстанда және Украинада шығарылған жаңа автокөліктердің акциз салығы 2 пайыз деп белгіленген. Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы келісімге отырған елдердің автокөліктеріне жеңілдік қарастырылған.
Қазір Өзбекстанға шетелден автокөлік әкелу үшін қосылған құн салығын, (15%), кеден және акциз салықтарын төлеу керек.
Autostrada сайтының мәліметі бойынша, акциз салығы жойылған соң, Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 доллар арзандайды.
Abai.kz