Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1845 0 пікір 10 Қараша, 2011 сағат 06:54

53 депутат: «Мәжілісті таратсаңыз»

Мәжілістен мән кеткенін депутаттар енді ғана түсінген сыңайлы. Әй, бірақ, сал бола бастаған саяси жүйенің мұрнын тескен тайлағындай депутаттарды да кейде аяп кетесің...

Міне, бүгін Нұртай Сәбильянов пен Виктор Рогалевтың мәжілісті тарату жөнінде президентке жасаған өтінішін 53 депутат қолдады. Сөйтіп, төртінші мәжілістің де тағдыры жуықта шешілмек.

Депутаттар парламенттің төменгі палатасын тарату мәселесін көтерудің  себептері ретінде, келесі жылы еліміз Тәуелсіздіктің жиырма бірінші жылын жаңа үкіметпен, мәжіліспен бастаса; әлемдік экономикалық дағдарыс қысы-жазы «гүлденіп» тұратын Қазақстанның экономикасына да кесірін тигізу мүмкін (!), сондықтан дағдарыстың алдын орап сайлау өткізіп алу керектігін атап, уәждерін айтыпты.

Хош, мұндай сөздерге етіміз үйренген. Мәжілісті тарату жоғарыдан түскен тапсырма екенін білу үшін жауырыншы болудың қажеті жоқ. Бұл - түсінікті.

Асылы, мәжілістің тарқауы 53 тің қалауын ғана күтіп тұрмағаны анық. «Әне, тарайды мәжіліс, міне, тарайды мәжіліс» деген сөз күзден бері күбір-күбір әңгіменің өзегіне айналған еді. Оның үстіне еуропалық, халықаралық ұйымдар тарапынан өзі бір, өзі нұр партиялы Қазақстан парламенті сынға ұшыраған болатын. Сөйтіп, ата заңда көрсетілген «демократиялық мемлекет» деген ұмытылып кеткен сөз есімізге түсіп, «Ойбай-ай, ұят болған екен» деп қызарған едік. Сосын бірнеше партиялы парламент жасақтау керек деген тоқтамға келдік те, бір-ақ күнде «Нұр Отаннан» нұрланып, шабыттанып шыққан Перуашев «Ақ жолды» алға сүйреймін деп алаңға шыға келді де, елбасының партиясына бәсекелес бола қалды. Бәрінің көз ілестірмес жылдамдықпен тез болғаны сондай не болып кеткенін түсінбей қалдық.

Енді қазіргі депутаттар тағы да мәжілістегі жылы ұяларына келуі үшін «Ақ жол» пен «Нұр Отанға» сырт көз үшін бөліне салады, сайлаушы оны шын көріп қалып жүрмесін. Бәрі - ойын ғой. Құдды «Ақ терек, көк терек, бізден сізге кім керек» деген ойын.

Әлбетте, сайлаудың болғанын сезіну үшін су жаңа депутаттарды да көрерміз. Алайда, 5 нші мәжілісте Сыздықова сызылып, Тәңірберген таңырайып, Нехорошев неғып отырса, түк таңқалмаңыз. Дәмеленбеңіз. «Баяғы жартас - сол жартас» оның несін сөз қыламыз.

Депутат мырзалар, жол болсын, қайта айналып бір соғып кететін шығарсыздар.

Айтпақшы, бұған дейінгі мәжілістерді таратудың бастамашысы болған Татьяна Квятковская, Нұрбах Рүстемовтердің не күйде, қайда жүргенін жан баласы білмейді. Енді Нұртай Сәбильянов пен Виктор Рогалевтың тағдырлары не болады екен десеңізші...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512