Сенбі, 5 Сәуір 2025
3011 1 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 17:20

Алматы облысында блок-бекеттер қайта орнатылмайды

Алматы облысында блок-бекеттер қайта орнатылатыны жайлы ақпарат тараған болатын. Бірақ облыс әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блок-бекеттер орнатылмайды, - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

- Жүзу маусымы 13 маусымда басталуына байланысты, өткен демалыс күндері біз Қапшағай су қоймасы жағалауында адамдардың көп шоғырланғанын байқадық,

Сол үшін Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады. Бұл – Жетіген жақтан келетін жолға бір мобильді пост қойылады. Онда полиция қызметкерлері тұрады және су қоймасына іргелес жатқан тас жолда екінші пост болады. Қалған жағдайда бәрі бұрынғыдай қалыпта жұмыс істей береді, - дейді әкімдік.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1507
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4228
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3128