Сенбі, 11 Қазан 2025
6223 1 пікір 11 Маусым, 2020 сағат 12:00

Асқар Жұбанов қайтыс болды

Филология ғылымдарының докторы Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов өмірден озды.

Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының баспасөз қызметкері Мейрамбек Таубалдиев Facebook парақшасында жазды.

- Қаралы хабар. Тектінің тұяғы, асылдың сынығы, белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы дүниеден озды. Бұл - қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы. Қазақ еліне, отбасына, ағайын-туысқа қайғырып көңіл айтамын. Бақұл болыңыз, асыл адам!, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов 13 қарашада 1937 жылы Алматы қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Әкесі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 807
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9864