Сенбі, 23 Қараша 2024
2289 0 пікір 12 Маусым, 2020 сағат 10:52

Қытай ғалымдары COVID-19-қа қарсы вакцинаны маймылдарға сынады

Қытай ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинаны маймылдарға сынауының қорытындысын жариялады.

Вакцина SARS-CoV-2 вирусына қарсы тұрақты қорғау қасиетіне ие екенін көрсетті. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі Cell журналына жарық көрген ғылыми мақалаға сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцинаға инфекциялық ауруларды қоздыратын өлі микроорганизмдер қолданылған.

BBIBP-CorV препаратын Бейжің биологиялық өнімдер институты, Қытайдың Науқастардың алдын алу және бақылау орталығы және Медициналық зерттеу академиясы бірлесіп сынаған.

Ақпаратқа қарағанда, адам ағзасындағы вирусқа қарсы күресетін қарсы дене (антитело) организм клеткаларын патогендік және инфекциялық вирустардан қорғап, олардың биологиялық белсенділігін жояды.

Соңғы айларда көптеген елдерде ғалымдар коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцинаны сынауды бастаған. Тәжірибе ерікті адамдар мен жануарларға жүргізілді. Нақты нәтижесі бір жарым жылдан кейін белгілі болатыны айтылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5486