Сенбі, 19 Сәуір 2025
2399 2 пікір 12 Маусым, 2020 сағат 14:06

Арыстағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды

Шымкент гарнизонының әскери соты былтыр 24 маусымда Арыста болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қылмыстық іс бойынша 16 адамға айып тағылды, 1473 адам зардап шеккендер ретінде танылды. Олардан бөлек, сотқа сотталушылардың адвокаттары мен прокурорлар қатысады. Бірінші сот отырысына 204 қатысушы келді, оның 16-сы сотталушы, 19 адвокат, 3 қоғамдық қорғаушы, 5 прокурор мен 165 зардап шеккен адам", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, соттағылардың мәліметінше, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау барысында сот залына барлық қатысушы кіргізілмеді.

Еске салайық, былтыр 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған болатын. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланған еді.

Төтенше жағдайдан үш адам қаза тауып, 200-ден аса адам зардап шеккен болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093