Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2964 0 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 11:33

Қазақстан 50 мигрантты Тәжікстанға депортациялайды

Қазақ-өзбек шекарасынан өте алмай тұрған 50-ден астам тәжік мигрантын Қазақстан билігі Тәжікстанға депортациялайды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі "Жібек Жолы" шекара бекетінде Тәжікстанның 178 азаматы елге қайта алмай тұр. Олар Қазақстан аумағынан үш күн ішінде кетуі керек болған. Осындай сот шешімі 2-3 маусымда шыққан. Мигранттар сот шешімі орындалмаған жағдайда сотталуы мүмкін екенін айтты.

Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, шекара бекетіндегілердің ешқайсы елшіліктен көмек сұрамаған.

Тәжік елшілігінің мәліметінше, Қазақстан билігі пандемия кезінде бірде-бір тәжік азаматын ұстамады. "Ол азаматтар қазақ-өзбек шекарасы ашылғанша Қазақстан аумағында қала алады" деп хабарлады тәжік елшілігі.

Тәжікстан билігі маусым айының басында қазақ-өзбек шекарасынан өте алмаған 237 азаматты елге жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108