Сенбі, 23 Қараша 2024
3444 0 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 16:14

5 айда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн. шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 209 жеке үй. Аталған кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн. шаршы метр баспана салынды.   

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 525,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл - 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,6%.

Тұрғын үйді іске қосу бойынша Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%) Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%), Қостанай (107,9%) облыстары алда келеді. 

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша осы кезеңде 28 мың шаршы метр немесе 507 жалға берілетін тұрғын үй пәтер пайдалануға берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517