Сенбі, 23 Қараша 2024
2674 1 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 23:28

Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев бүгін, 18 маусымда шартты түрде бостандыққа шықты. Бұл туралы Азаттыққа жағдаймен таныс дереккөз айтты. Ақпаратты ШҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті растады.

Дүтбаев отырған ШҚО Жарма ауданы Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 түрмесіндегілер “ол 18 маусымда сот шешімі күшіне енген соң бостандыққа шығып, Алматыға кетуі тиіс болған” деді. Дүтбаевтың шартты түрде босап шығуының себебі айтылмады.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ны 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарды. Кейін ҰҚК-ның “Арыстан” бөлімінің оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысы бары белгілі болған соң отставкаға кетті.

2016 жылы желтоқсанда Дүтбаев “мемлекеттік құпияны ашты” деген күдікпен ұсталған. 2017 жылы тамызда Ақмола гарнизонының әскери соты оны “мемлекеттік құпияны ашты” және “қызметін асыра пайдаланды” деп 7,5 жылға соттады. 2018 жылы қаңтарда дәл осы сот оны “ақша жымқырды” деп айыптады. Сот екі жазаны біріктіріп, Дүтбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырды.

2018 жылы күзде Дүтбаев “ТуранӘлем” банкінің басқарманың экс-басшысы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сотта куәлік етті. Бұл сот бойынша билікті сынап жүрген бұрынғы банкир, қазір шетелде тұрып жатқан Мұхтар Әблязов айыпталған еді. Дүтбаев өз сөзінде Әблязов пен Тәтішев арасында “мүлікке байланысты келіспеушілік болды” деген.

2019 жылы қаңтарда Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша кассациялық алқасы бас прокуратураның шағымын қанағаттандырып, Дүтбаевтың түрме жазасын 12 жылдан 11 жылға қысқартқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529