Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2809 0 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 11:14

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян кепілмен босатылды

Конституциялық құрылымды бұзды және пара алды деп айыпталып жатқан Армения президенті Роберт Кочарян 4 миллион доллар кепілмен босатылды.

Елдің апелляциялық қылмыстық соты экc-президент адвокаттарының өтінішін қанағаттандырды. Арменияның бас прокуратурасы бұл шешімге қарсы шағым беретінін мәлімдеді.

РБК таратқан ақпаратқа сәйкес, экс-президент қазір операциядан кейін Еревандағы медициналық орталықта жатыр.

Роберт Кочарян Арменияны 1998-2008 жылдар аралығында басқарды. Екі жыл бұрын оны 2008 жылғы оқиға бойынша қамауға алған. Ол билікті Серж Саргсянға беруді алдын ала ұйымдастырды деп айыпталды. Сол кезде президент сайлауының нәтижесімен келіспеген Левон Тер-Петросянаның жақтастары Ереванда наразылық акциясын ұйымдастырған. Биліктің халық толқуын күшпен тоқтатуы кезінде 10 адам қайтыс болып, 250-ден астам адам жараланған.

Арменияның қазіргі премьер-министрі Никол Пашинян сол кездері Тер-Петросянның сайлау штабын басқарған. 2010 жылдың қаңтар айында Пашинянды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен жеті жылға соттаған. Бірақ 2011 жылы рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909