Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1984 0 пікір 18 Қараша, 2011 сағат 06:26

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ. ИСЛАМҒА ҚАТЫГЕЗДІК ЖАТ

Астанадағы алғашқы форумда отандық дiнтанушылар тәуелсiздiк алғалы берi дiн саласында жiберген кемшiлiктер мен олқылықтардың орнын заң шеңберiндегi мiндет және талаптармен толтыруға тырысты.
Кеше Астанада өткен Қазақстан Дін­танушыларының алғашқы Форумында Бас Мүфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі Әбсаттар қазақ қыздары мен келіншектерін хиджабтың орнына, ұлттық киімдер киюге шақырды. «Соңғы кездері қоғамды хиджаб мәселесі қатты толғандырып жүр. Біздің әжелеріміз, аналарымыз, әрине, жалаңаш жүрген жоқ, олар кіндіктері көрінетін көйлек кимеді. Сондай-ақ, әжелеріміз беттерін тұмшалап алмады, хиджаб кимеді, алайда бастарына орамал тартып, кимешек киді. Бұл - ұлттық киім, хиджаб емес», - деген Бас мүфтий қазақ әйелдеріне өзгенің, мысалы, Пәкістанның не басқа елдің ұлттық киім-кешегінен гөрі өзіміздің қазақы киімдерге бет бұруға шақырды. Оның айтуынша, жуырда ғана Алматыда ұлттық киімдерді ұлықтайтын сән көрмесі ұйымдастырылыпты. Бұл әсіресе «өз қағынан өзі жеріген» кейбір қандасқа сабақ болса, игі.

Бүгінгі таңда лаңкестік әрекеттер - бүкіл әлемді алаңдатқан мәселе. Өкі­ніш­ке қарай, кейінгі кездері лаңкестер салатын лаң Қазақстанда да бірнеше рет қайталанды. Солардың бірі күні кеше ғана Тараз қаласында болған қанды оқиға. Дінді сылтауратып жасалатын қатыгездік пен қанішерліктің дінге қарсы бағытталған қылмыс ретінде бағалаған Әбсаттар қажы: «Исламда бір адамның қанын мойынға жүктеу - бүкіл адамзатқа жасалған қас­тандықпен тең. Өзін-өзі жарып жіберумен айналысатындарды «шейіттер» деп атап жүр. Бірақ олар шейіттер емес, олардың ислам туралы түсінігі мүлде басқа, жаңсақ. Оларды тіпті мұсылман деуге болмайды», - деді.
Қатыгездік пен қанішерлік ислам ауы­лынан аулақ жатқанын көлденең тартқан Бас мүфтий қазіргі кезде қай жерде лаңкестік әрекет орын алса да оны исламмен байланыс­ты­ра қарау үрдісі өріс алып бара жат­қа­нына алаңдады. «Бұл - дұрыс емес. Ислам­да да, христианда да, будда­да да, бір­ де бір дінде қатыгездік на­си­хатталмай­ды», - деп мәлімдеген ол біздің халықты діни арандатушылыққа бастайтын арандатушылық әрекетпен айналыспайтынын, бірақ өкінішке қарай, «бір қарын майды шірітетін бір құмалақтардың» кесірінен кейде орны толмас өкініштерге ұрын­ды­ратын қайғылы жайттар болаты­нын жасырмады: «Кейде ислам дінін, мұ­сыл­маншылықты бүркемелей отырып, лаң­кестік әрекеттер ұйымдастырады. Енді жастарымызға білімді шет ел­дерде емес, өз елімізде беретін мез­гіл жетті. Қазақ халқы - исламды қабылдаумен шектелмей, оны бай­ы­туға үлес қосқан халық». Форумға қа­ты­сушылар еліміздегі дінге қатысты заң­намалық құжаттардағы талаптарды кү­шейтіп, елдің діни сауатын ашуға ы­қпал ететін шараларды кең ауқымда ұйым­дастыруға шешім қабылдады.

17.11.2011
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510