Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6061 12 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 12:43

Путин неге жер мәселесін көтереді?

Бұл туралы жұрт айтудайын айтып жатыр. Алайда, желіде "Енді Путин көп ұзамай сөзден іске көшеді" деген болжам айтушы путиншіл сарай сарапшыларының пікірі шығыпты...
Не айтуға болады?

1. Путин бұрыннан да Қазақстан тарапынан бір нәрсеге келіспеушілік туа қалса - "Қазақстарда мемлекет болмаған", "Орыс тілін қыспаққа алды", "ұлтшылдар қысым көрсетіп жатыр" және т.т. мың бір сылтау тауып, информациялық шабуылға шығатын...

Мысалы, Путиннің кезекті сондай сөзінен кейін Қазақстан 2013 жылы, екі жыл кешігіп Абылай ханның 300 жылдығын атап өткен еді...

2. Сол сияқты, "мемлекеті болмаған" деген сөзді қаузай берген соң, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп, өзіміздің тарихымызды біраз түгендеп алып едік...

3. Енді Путин тағы да кезекті бықсықты тұтатты...

Себебі, жуырда ғана Қ.Тоқаев ЕАЭО аясында Ресейдің экономикалық одақты саясиландыруына қарсы екенін ашып айтып, Ресей дайындаған құжатқа қол қойдырмай тарқап еді...

Міне, сол кезде әлемде біршама беделге ие Қ.Тоқаевқа нақты батып ештеңе айта алмағанымен, осыны кек тұтып, тісін қайрап қалған Путин, біршама уақыт өткізіп барып, бұрынғы әдетімен жоғарыдағы сөзді айтып, сарай бұлбұлдарын сайратып отыр...

Әрине, Қазақстан билігі тарапына "бықсықты" үрлеп, шоққа айналдыру тиімді емес...

Сондықтан, бұл мәселені Қоғам болып көтеріп, өз үйіндегі жағдайды ретке келтіре алмай, халқы мың-мыңдап демонстрациялап жатқан "өте нашар орыс империалистеріне" ақпараттық тұрғыдан нақты жауап беруге тиістіміз.

Путин сөйтіп, бұрынғы одақтастарының жерлеріне көз алартамын деп жүріп, ертеңдері Қиыр Шығыстан толық ажырап қалмасына еш кепілдік жоқ!...
Ондайды орыс халқы ешқашан кешірмейді және кінәлінің нақты жазасын береді!

Путин алдымен осыны ойласын!

Әбдірашит Бәкірұлының желідегі жазбасы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371