Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:25

Депутат «Арнасай» және «Аманкелді» ауылдарын қайтарып алу керектігін сұрады

24 маусым күні Орал Мұхамеджановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста  депутат Төлебек Қосмамбетов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке 2003 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекара белгіленген кезде, өкінішке орай сол жолы Қазақстанға өткен 5 елді мекенге кірмей қалған «Арнасай» және «Аманкелді» елді мекендерінің жағдайын ойластыруды өтінді. 
Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан депутаттық сауалда былай делінген: «Менің депутаттық сауал жасауыма Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты Арнасай мен Амангелді ауылы тұрғындарының маған жолдаған ашық хаты негіз болып отыр. Хатта Арнасай мен Амангелді ауылдары Өзбекстан құрамына беріліп, шекара белгілеу кезінде ағаттық жіберілгені жазылған. Көрсетілген мәселенің шешімін тауып, осы елді мекендердің Қазақстан Республикасына қосылуын сұрауда.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Өзбекстанға берілген «Арнасай» және «Аманкелді» ауылдарын бұрынғы шекара сызығымен Қазақстанға қайтару мәселесін қарап, бұл мәселені екі ел келісімдерінде көрсетілгендей дұрыс шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын».

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434