Вирустан қайтыс болғандар саны 180-нен асты
Қазақстанда коронавирустен қайтыс болғандар саны 180-нен асты. Дәлірек айтсақ, 183 адам.
Нұр-Сұлтан қаласы – 61 адам,
Алматы қаласы – 26 адам,
Шымкент қаласы – 14 адам,
Ақмола облысы – 14 адам,
Қарағанды облысы – 13 адам,
Павлодар облысы – 13 адам,
Түркістан облысы – 9 адам,
Батыс Қазақстан облысы – 7 адам,
Атырау облысы – 6 адам,
Ақтөбе облысы – 4 адам,
Шығыс Қазақстан облысы – 4 адам,
Қостанай облысы – 3 адам,
Маңғыстау облысы – 3 адам,
Қызылорда облысы – 2 адам,
Солтүстік Қазақстан облысы – 2 адам,
Алматы облысы – 1 адам,
Жамбыл облысы – 1 адам.
Індет жұқтырғандар саны – 21 327 адам болса, жазылып шыққандар – 12 933 адам.
Айта кетейік, бұл тізімде вирустың симптомсыз түрлері енгізілмеген. Ал індет белгілері анықталған көп азаматты ауруханаларға қабылдамай жатқаны әлеуметтік желілерде айтылды. Бұл ақпаратты құзырлы министрлік те растаған. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жетпей жатқандығы да айтылды. Вирустың симптомсыз түрлерін немесе жеңіл түрлерін үй жағдайында ем қабылдауға шақырған.
Abai.kz