Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2370 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 06:43

Бейімбет Майлин. Өңгелбай

Өңгелбай биылғы сайлауда болыс болды.Мұның болыс болғанына жұрттың көзқарасы бір-ақ түрлі.
- Қайткенмен еті пысық, табанды. Олай деушілікке себеп - Өңгелбайдың азырақ шикілігі бар. Бұдан 4-5 жыл бұрын қатардағы дәулетті үйдің бірі болған. Әліпті таяқ деп білмейтін қалың көпшілік арасынан жазу танитын бір кедей тауып сайлаған соң, сайлаушының төбесі көкке жетіп қайтпай ма? Міне, содан бері Өңгелбай болыс. Бірен-саран байлар - жуандар бір кездегі үзеңгі жолдасы таққа мінген соң, қайта-қайта құтты болсын айтқансып, бағының таймауын, әкім алдар ісінің былықпауын көздеп, баяғы болыс екеңнің писары Алексейді хатшылыққа ұсынған. Шұбартөбеде Алексейді білмейтін кім бар? Алексей Иванов дегенде бір кезде жұрттың ішкен асын жерге қоятын да кезі болған. Сол Алексей хатшы жұмысын қолына алғаннан бері бұрқырап кетіп барады. Талай адамға «бротокол» жазылды, талай адамға «постанауление» лезде жазылып жатыр.
Алексей жазып болып, судырлатып орысша оқығанда, бір ауызына түсінбегендердің де айызы қанып:
- Шіркін, Алексейдей жазатын адам бар ма екен! - деп риза болысады.
* * *
Өңгелбайдың үйі ертеңгі шайын ішіп отырғанда Кемелбайдың малайы кіріп келді. Ашулы, сұп-сұр дүлей ғой, келе Әлекеңе арызын айтып жатыр:
-  Менің мазам кетті. Кетейін десем ақымды бермейді, кетпейін десем боқтап, ұрып-соғып, мазамды алып барады, - деді.

Алексейдің мұрты тікірейіп кетті.
- Маған айтпа арызынды, сотқа айт. Сендерді табыстырмақ түгіл, жоғарғы өкіметтен келген қағаздарды да бола алмай жатырмыз. Өңгелбайдың үйіне биылғы сайлауға келген жігіттің «ауылдық-болыстық көнсе адамдары ел ішіндегі кедей-жалшылардың жалыбына айрықша назар салсын» деген сөзі түсіп кетті. Сондықтан Алексейдің сөзін жұртқа қаратып:
1 Протокол.
2 Постановление.
3 Жалоба.
Қой, басты қатыра бермеңдер. Іс те көп, мойын бұра алмай жатыр, - деді.
-  Газеті несі?
- Ант ұрған, мұсылманша тасқа басылған жазуы бар қағаз.
- Алексей берген қағаздар бар еді, қол сүртіп бітірдік.
- Тіпті қалғаны жоқ па?
-  Жыртық біреуімен сенің темекіңді орап қойып едім.
- Соны әкелші.
Жапырақ темекінің сопақ сабағы шұрқ-шұрқ қылып тескен бір ескі газетті бәйбіше алып жетті. Абыройға қарай, 29-нөмірі екен. Өңгелбай тығыз бұйрықтың бас жағын тапты. Аяқ жағы жыртылып қалыпты. Алексейдің түсі бұзылып сала берді:
-    Менің хатшы болуымның керегі қалмаған ғой.
-    Жоқты айтпа, сен кетсең, істі кім істейді?
-   Қайтіп істемекпін. Бәрін алып жұрт қайтарады. Қазақша жазуды мен білмеймін.
-   Бір жөні болар. Өзім дуанға барып реттермін.
-   Болмайды. Кетемін, - деп Алексей киіне бастады.
-   Алексей Иваныш! Алексей Иваныш!
-  Алексей Иваныш!
Ұзын қара тонын бастыра киіп алып:
- Не могу, прощай,-деп басын бір шұлғып, Алексей есіктен шығып та кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502