Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 12802 8 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 11:14

Жағдай уыстан шығып кетті

Ақтаудан апам хабарласты. Ел арасында «дача» деп аталып кеткен, Ақтаудың іргесінде қатар орналасқан ауылдар бар, сонда тұрады. «Күнде намазға шақырады. Кісі өлімі көп. Кейбір үйлерден екі адамнан қайтыс болып жатыр. Үйде отырып бет сипап отырмыз», – дейді.

Ақтауға барған сайын алдымыздан құшағын айқара ашып қарсы алатын қадірлі дос, бір жағынан күйеу бала, Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Құдашев деген азаматты 38 жасында тәж тажал алып кетті.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева апамыздың да өмірден озғанын естіп отырмын. Жақсы жан еді. 

Атыраудан дос-жарандар хабарласып жатыр. «Атырауда дәрі жоқ. Астраханнан тасып жатырмыз. Қас қылғандай, шекарада тінтіп тексеріп, дәрілерімізді тартып алып жатыр. Бұл қалай болғаны?», – деп мұңын шағады.

Мен қызмет ететін мекемелердің көбі Жаңаөзенде. Онда да солай. Дәрі жоқ. Халық ауру. Шарасыздық белең алды. Жұрт не істерін білмей отыр. Не ішіп, не қоярын білмейді.

Ұрыс даласынан хабар алғандай күйде отырмыз, шыны керек.

Қазақ енді не істемек? Жағдай уыстан шығып кетті. Не істеуге болады?

Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383