Сенбі, 23 Қараша 2024
Жауап 10051 46 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 16:06

Алтай әкім ақталды, ақталғанда бүй деді...

Күні кеше Алтай Көлгінов басшылық жасайтын қалада (Нұр-Сұлтанда) болған мерекелік отшашу қоғамның қызу талқысын, анығында наразылығын тудырғанын білесіздер. Жұрт дерт дендеп, індет өршіген, көп шаңырақ қайғы жамылып, қара тұтқан тұста бас қала басшылығының гүрсілдетіп-дүрсілдетіп мерекелік отшашу өткізгенін сынады.

Біз жаздық. Біз секілді жүздеген ақпарат құралдары жазды. Әлеуметтік желіде мыңдаған адам отшашуға қарсы пікір білдірді. Көлгінов әкімдігінің құлағына кеше күндізден бері айтылып, жазылып жатқан мың сөздің бірі жетпесе, бірі жеткені анық. Бірақ, әкімдік «ләм-мим» деген жоқ. Бар болғаны «бюджеттің қаржысы жұмсалмағанын» айтты. Ал  отшашу жоспарланған уақытында өтті.

Дәл қазіргі уақытта халыққа керегі отшашу ма? Жоқ! Ол туралы кеше жаздық. Қайталаған болмайық...

Бүгін, «болар іс болып, бояуы сіңгенде», Алтай әкім ақталыпты. Дәлірек айтсақ, Алтай Көлгінов әкімдігінің Мәдениет басқармасы. Қараңыз:

«Қала күніне арналған отшашу жыл басында жоспарланып, демеушілер қажетті материалдарды сатып алып қойған. Орны да белгіленген. Бұл отшашу қала тұрғындарының көңілін көтеру үшін, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медқызметкерлерге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған», - депті.

Жә, бүгін есім-сойы әлемнің алты құрлығына мәшһүр болған әнші Димаш Құдайберген де осы жайтқа қатысты өзінің пікірін жариялаған екен. 3,3 миллион оқырманы бар «Instagram» желісіндегі жеке парақшасында пандемия кезінде отшашу өткізген Көлгінов әкімдігін сынап сөйлепті. Димаштың орыс тіліндегі жазбасын қазақшаға аудардық:

Димаш рассказал российскому телеканалу, почему носит маску, и о ...

«Отшашу ненің құрметіне? Коронавирустан әлемде алдыңғы орынға шыққанымыздың құрметіне ме? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, жұрт оттегін таппай жүр. Осы бағыттарыңыздан таймаңыздар! Келер жылы тойлайтын адам қалмай қалуы мүмкін...», - депті өзінің эмоционалды жазбасында.

Қазірдің өзінде Димаштың бұл жазбасын 90 мыңнан аса адам оқып, 9 мыңнан астам пікір жазылыпты. Ал бұған Елорда әкімдігі жауап бере ме? Көре жатармыз...

Кешелі-бері аттарынан ат үркетін зиялы қауым өкілдері, ақындар, қоғам белсенділері Көлгінов әкімдігінің көк түтін отшашуын сынап жатыр. Басқасын айтпағанда, Facebook желісінен «Көлгіновтікі дұрыс» деген бір адамды кездестірмедік. Мүмкін бар да шығар. Бірақ, қоғамда наразылық пікір басым! Дәл қазір жұртқа керегі отшашу емес еді. Өкінішке орай, Көлгінов әкімдігі қоғамның бұл талабын естігісі келген де жоқ.

Бүгін берген жауап сөзінде: «Жұрттың көңілін көтеру үшін» өткіздік депті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы! Бұл әкімдіктің жауабы.

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420