Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
3237 8 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 13:21

Баталов елордадағы кардиологиялық орталыққа жеткізілді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Баталовтың қазіргі уақыттағы денсаулық жағдайы жақсарған көрінеді.

- Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен өкпесіне дем жетпей, жүрегі қысылғанына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешім қабылдады.

Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі, - деді Байжұманов.

22 маусымда Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырып, оқшауланғаны хабарланған болатын. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Амандық Ғаббасұлынан вирустың симптомсыз түрі анықталғанын айтқан.

- Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Өкінішке қарай, коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы ПЦР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Коронавирус симптомдары байқалмайды, - деп жазған еді ол.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1705
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454