Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3005 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 05:43

Азамат Алмас. Жылудың «жыры» тағы да басталды

Жақында ғана Үкімет басшысының қысқы жылыту маусымын ойдағыдай өткізу туралы тапсырмасынан соң Алматы  облысындағы жылуға жауапты тұлғалар әзірліктерін майын тамыза жеткізетін. Оның ішінде, әсіресе, Талдықорған қаласының жетекшілері  100 пайыз сақадай саймыз деген сөзден жаңылмағаны есімізде. Жылдағыны көкекше қайталағанда  «жылу жыры» тағы басталар деген едік. Сол айтқанымыз айдай келді. Бұрынғыдай көшелер бойынша жаппай жылу жүйесін қазу тіркелмесе де, жылуға жарымай отырған көп қабатты үйлер қатары азайған жоқ. Олардың қатарында соңғы төрт  жыл бойы жылудың зардабын тартып, қазаннан сәуірге дейін қалтырап, пәтерлерінің бұрыштары көгеріп шығатын Қабылиса жырау көшесіндегі 213, 213 «а», 215 үйлер бар. Өткен жылы осы үш үйде тұратын 150-ге жуық отбасыға жылумен қамту мекемесі жертөледегі жылу құбырларын ауыстыру үшін ақша жинаңдар деді. Әр шаңырақ екі мың теңгеден 300 мың теңгеге жуық қаржы жинап, өткізді. Соған қарамастан былтыр мүлде асқынған жылуға қатысты таусылмас тауқымет биыл  да жалғасын тапты. Өткен жылы тұрғындардың алды «Талдықорғанжылусервис» мекемесін сотқа дейін сүйрегенімен, қалалық сот тұрғындардың алты ай қыста дірдектеп шыққанынының нақты дәлелінің жоқтығын көлденең тартты. Ал басқару пакетінің басым бөлігі қалалық әкімдікке тиесілі  жылумен қамту ұжымы түк шара қолданған жоқ.

Жақында ғана Үкімет басшысының қысқы жылыту маусымын ойдағыдай өткізу туралы тапсырмасынан соң Алматы  облысындағы жылуға жауапты тұлғалар әзірліктерін майын тамыза жеткізетін. Оның ішінде, әсіресе, Талдықорған қаласының жетекшілері  100 пайыз сақадай саймыз деген сөзден жаңылмағаны есімізде. Жылдағыны көкекше қайталағанда  «жылу жыры» тағы басталар деген едік. Сол айтқанымыз айдай келді. Бұрынғыдай көшелер бойынша жаппай жылу жүйесін қазу тіркелмесе де, жылуға жарымай отырған көп қабатты үйлер қатары азайған жоқ. Олардың қатарында соңғы төрт  жыл бойы жылудың зардабын тартып, қазаннан сәуірге дейін қалтырап, пәтерлерінің бұрыштары көгеріп шығатын Қабылиса жырау көшесіндегі 213, 213 «а», 215 үйлер бар. Өткен жылы осы үш үйде тұратын 150-ге жуық отбасыға жылумен қамту мекемесі жертөледегі жылу құбырларын ауыстыру үшін ақша жинаңдар деді. Әр шаңырақ екі мың теңгеден 300 мың теңгеге жуық қаржы жинап, өткізді. Соған қарамастан былтыр мүлде асқынған жылуға қатысты таусылмас тауқымет биыл  да жалғасын тапты. Өткен жылы тұрғындардың алды «Талдықорғанжылусервис» мекемесін сотқа дейін сүйрегенімен, қалалық сот тұрғындардың алты ай қыста дірдектеп шыққанынының нақты дәлелінің жоқтығын көлденең тартты. Ал басқару пакетінің басым бөлігі қалалық әкімдікке тиесілі  жылумен қамту ұжымы түк шара қолданған жоқ. Жоғарыда айтылған үш үйдің тұрғындары  қазіргі кезде үйлерін тастап, көшеге шығудың аз-ақ алдында тұр.

Жалпы осы үйге кірген кезде  2002 жылы қыста-ақ көрініс берген жылуға қатысты күрделі мәселе соңғы жылдары тіптен асқынып кетті. Тұрғындар ол асқынуды дәл қастарында орналасқан Жетісу мемлекеттік университетітінң ауласында қосымша үлкен бес қабатты корпустың салынуы мен оған жылудың Қабылиса жырау көшесіндегі ақтық нүктелер болып саналатын, үш үйдің жанындағы  жылу жүйесін бөліп-реттейтін тораптан тартылғанынан көреді. Оны жоғарыда айтылған «Талдықорғанжылусервис» меемесінің мамандары мен басшылары, тіпті қалы әкімінің осы салаға жауапты орынбасары да жоққа шығармайды. Жылу трассасының қосымша жүктемеге лайықталып жасалмағандығы, университет басшылығының соған қарамастан, ешкімнен рұқсат алмастан жылу жүйесіне қосылып қана қоймай, қосымша қысымға қол жеткізу үшін ыстық суды айдайтын екі бірдей қуатты сорап орнатқаны туралы жасырмайды олар. Бірақ шара қолдануға келгенде, дәрменсіздік танытып отырғандарына төрт жыл болды.

Тұрғындарды мемлекеттік оқу орны сол мемлекет атынан уәкілеттік ететіндерді тыңдамай ма деген сауал еріксіз мазалайды. Соған қарағанда 2008 жылғы заңсыздықта өздерінің де үлесі бар сияқты. Талдықорған қаласы әкімінің осы салаға жауапты орынбасары Ермек Алпысовтың телефоны мен өзіне маза бермегеннен ештеңе шықпай тұр. Барған немесе сөйлескен сайын құрғақ уәдені үйіп-төгетін орынбасар әлі ешқандай шара қолданған жоқ. Соңғы жолы университет басшысы Әбдіманап Бектұрғановқа шамасы келмейтіндерін ашық мойындады. Оған Талдықорғанжылусервис» мекемесінің басшысы Манархан Ахымбеков те қосылады.

Қаланың жаңа әкімі Махаббат Бигелдиевке арыз жазған соң іле-шала келген қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бастаған комиссия үш үйге бөлінген жылуды жолдан заңсыз қосылған университет жырымдап отырғанын айта келе, шара қолданымыз. Оған бағынбаса, прокуратураға береміз деген еді. Одан бері де он күн өтті. Шағымданған тұрғындарға ерегісті ме, университет сораптарын үздіксіз қосқан болар, бұрын жылымшыланып тұратын батареялар мүлде суып кетті. Қалалық әкімдіктен де тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан да хабар жоқ. Жоғарыда аталған үш үйде де негізінен Алматы облысының орталығы Талдықорғанға ауысқан жылдары көшіп келген қызметкерлер мен жас мамандар тұрады. Мектеп, балабақша жасындағы, омыраудағы балалар саны өте көп. Былтыр олардың барлығына дерлік суықтан ауырып қалды. Сонымен бірге өткен жылы қыстай жылу бір қалыпты болмағандықтан  көктемге таман пәтерлердің қабырғалары көгеріп кетті.

Жылуға жарымай отырған үш үйдегі  пәтердің әрқайсысында кем дегенде 4-5 адамнан бар деп есетпегендегі  700-ге жуық  тұрғын тағы да қалтырап отыр, ал жылуға жауаптылардың барлығына жуығы Астанаға сайлау алдындағы кезектен тыс съезге «Нұр Отанның» шашбауын көтеруге кетіпті. Ал    Елбасының жергілікте жерлердегі  өкілдері болып саналатын әкімдерді де керек қылмайтындар кесірінен қарапайым тұрғындар зардап шегуде.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371