Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды
Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Мәліметті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.
Өлімнің мән-жайын әкімдіктегілер кейінірек хабарлауға уәде берді.
Институтты бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Тың темір жолы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Көкшетау бөлімшесінің санитар дәрігері болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Коммуналдық гигиена бойынша дәрігер, Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бастап Шығыс қазақстан облысы Глубокое аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып қызмет еткен.
2017-2019 жылдары Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. Содан кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Abai.kz