Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7900 21 пікір 11 Шілде, 2020 сағат 12:52

Жұмсақ Президент. Қатал Президент...

Зиялы кісінің баласы, өзі дипломат, шетелдегі жұмыс тәжірибелері бар. Президент жұмсақ!

Біз жұмсақтықты жасықтық, сыпайылықты көнбістік, сабырды ұмытшақтық деп есептейміз.

Тоқаев айтады: жанұшырып жасап жатқан ешкім көрінбейді. Сөзі сөз-ақ, ісі ...

Назарбаев айтатын: безіп кететін, министр біткеннің құты қашып. Жәй сөзінің өзі заң еді.

ҚАТАЛ ПРЕЗИДЕНТ

Жағдай екі аптада тұрақтанбайтын болса "Үкімет құрамының әрі қарай жұмыс істей бергені жөн бе" деген сұрақ туындайды.

Тоқаевтың ұрысқанының өзі осындай. Барынша зілді, Үкімет тағдырына тікелей қатысты үкімнің өзін барынша жаймашуақ тілмен жеткізеді.

Бірақ, Президент соңғы аптаның "жұлдызы" болған екі фигураны қызметтен босатты. "СК Фармацияның" басшысы мен МӘМС-тің "мәшін әпергіш" қожайыны қызметтен кетті!

Елдегі эпидахуал күрделі. Адамдарға "ауа" жетпей жатыр...

Министрлік те, әкімдіктер де өз бетінше шешім қабылдай алмай жатты. Шешуші кезеңдерде кешігіп қабылданған шешімдер әсерінен ауыр жағдайларға тап болдық. Бұрыңғы денсаулық министрлігінің көп болжамдары қате шықты. Науқастар санындағы құбылулар халық арасындағы түрлі әңгімеге арқау болды, сенімсіздікке себеп болды!

Иә, халық Үкіметке сенуден қалды. Өзі емделді. Өзіне сенді, бір-біріне көмектесті...

Бүгін Президент ашулы, түнеріңкі көрінді. Жан-жақтан шаршатқан, айтқанын тыңдамаған Үкімет пен атқарушы билікке "жетер енді" деген секілді.

Сонымен, бәйгі жақын - екі апта!

Осы кезге дейін қол қусырып отырған (бірінші фото) Мәмин Үкімет Халықтан иіліп (екінші фото) кешірім сұрай ала ма?

Әй, қайдам?!

P.S. Тоқаев енді қатаймаса Үкіметті ауыстырғаннан пайда болмайды-ау.

Айтқан сөзің заң болмаса, жұмысыңда мән болмайды. Ал, Халық Сенімі алақанда еріген майдай азайып барады...

Алмас Алтайдың жазбасы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510