Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4266 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 05:38

Жұмамұрат Шәмші. Нью-Йорк - АҚШ-тың әсем қаласы

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін  КСРО мен  АҚШ-тың арасында  бақталас басталды. Әлемдік қожалық ету, ақыры 1991 жылы КСРО-ның ыдырауымен аяқталды. Одан кейін АҚШ білгенін істеді. Иракка басып кіріп, Саддам Хусейнді дарға асты, Ауғанстанды табанға таптады, Югославияны тас-талқанын етіп, түбіне жетті. Он жыл бойы ішкенін ірің, жегенін желім еткен қара сақалды құбыжық атаған Усама бен Ладенді өлтіріп тынды. Бүгінгі күні АҚШ төрткүл дүниеге өз үстемдігін жүргізіп келеді. «Ақ » дегені алғыс, «Қара» дегені қарғыс болды. Өйткені жалпақ дүниеде АҚШ-қа тең келер мемлекет жоқ.

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін  КСРО мен  АҚШ-тың арасында  бақталас басталды. Әлемдік қожалық ету, ақыры 1991 жылы КСРО-ның ыдырауымен аяқталды. Одан кейін АҚШ білгенін істеді. Иракка басып кіріп, Саддам Хусейнді дарға асты, Ауғанстанды табанға таптады, Югославияны тас-талқанын етіп, түбіне жетті. Он жыл бойы ішкенін ірің, жегенін желім еткен қара сақалды құбыжық атаған Усама бен Ладенді өлтіріп тынды. Бүгінгі күні АҚШ төрткүл дүниеге өз үстемдігін жүргізіп келеді. «Ақ » дегені алғыс, «Қара» дегені қарғыс болды. Өйткені жалпақ дүниеде АҚШ-қа тең келер мемлекет жоқ.

Әлемнің ірі қаржы және сауда орталығы, халықаралық маңызды саяси-экономикалық байланыстардың барометрі ретінде танылған Нью-Йорк қаласының тарихы көнеге кетеді. Қала ірге тепкен жерге алғаш табан тіреген еуропалық флорент теңізшісі-Дж. Вередзано. 1624 жылы Француз королі Франциск біріншінің сенімді адамы болған ол «Дофин» кемесімен Солтүстік өзен арқылы бұрын белгісіз аралға тап болады. Арал сол кезден бастап Манхэттен атанады да, бір жылдан соң, мұнда голландиялық көпестер ағылады. Олар ағаштан қалашық тұрғызып, оны Жаңа Нидерландия деп атай бастайды. 1626 жылы алғаш рет өз губернаторын Петер Минуитті тағайындайды. Өте айлакер Петер аңқау индеецтердің басын шыр айналдырып, аралды бар-жоғы 60 гульден тұратын әшекей бұйымдарына сатып алады. Манхэттен сөзі индеецтердің сол жерде мекендейтін «манхатан» тайпасының атауынан шыққан болатын. Голландиялықтар қалашықты теңіз қақпасына айналдыруға асығып, аз ғана уақыттың ішінде Жаңа Амстердам фортын құрады. Форттың сол қапталында 60 әскер қарауылда тұрды. Қалашық тұрғындарының саны 500-ден асып жығылды, олар тегі жағынан әр түрлі еді, сондықтан 20 тілде сөйледі, бір-бірімен ымдасып түсінісетін. Маңайындағы аралдарды игеруге күш те қаржы да жоқ-ты. Арал 1640 жылы батпақ пен қамыстан тазартылып, темекі мен жеміс-жидек егіле бастады. Шығыс жағында Бруклин елді мекені пайда болды. Бұл атау қазіргі Нью-Йоркте сақталған.

1644 жылы Куинс, арада 20 жылдан соң, Статен-Айленд аралы игерілді. Жаңа Амстердам солардың орталығы ретінде кеңейіп келе жатты. Ондағы өмір еуропалық мәдениеттен жұрдай еді, іште де, сыртта да әр түрлі қақтығыстар болып тұратын. Индеецтердің мал-мүлкі мен жеріне қомағайланған еуропалықтар оларға жиі қарулы жорық ұйымдастыратын. Индеецтер болса, қарымта қайтарумен болатын. Мұның соңы Жаңа Амстердамда қамал салуға итермеледі, қазіргі Уолл-стрит осылай дүниеге келді. Голландия мен Испаниядан келген көпестер қаншалық жанталасса да пайдаға шаш-етектен кенеле алған жоқ. Жаңа Амстердам бірте-бірте тақырға отырды. 1660 жылы ағылшын эккадрасы Жаңа Амстердамды ешқандай қарсылықсыз басып алды, себебі олар аштыққа ұшырап жатыр еді. Айдарынан жел ескен король Карл екінші қаланы інісі герцог Йоркке сыйға тартты. Жаңа Амстердам енді Жаңа Йорк (Нью-Йорк) аталды. Ағылшындар құрық салған кезеңде Нью-Йоркте ирелеңдеген көшелер мен бір қабатты ескі терезеге дейін балшыққа батқан ұсқынсыз үйлер ғана бар еді, халқының саны жағынан Бостон мен Филадельфияға кезек беретін.

Табиғатынан сәулеттілікке құштар ағылшындар іске қызу кірісіп кетті. XVIII ғасырда шаһар британдық Американың мәдени орталығына айналып үлгерді.       Театрлар салынды, газеттер шыға бастады, Нью-Йорк қоғамының кітапханасы мен король колледжі (қазіргі Колумбия университеті) бой көтерді. Көшелер абаттандырылып, үйлерге су құбырлары тартылды. Осы кезден бүгінге жеткен тарихи ғимараттардың бірі - Әулие Павл шіркеуі. Оны халық «Таверн Фронс» деп атайды. Шіркеу 1712 жылы бой көтерді. Уақыт өте келе экономикасын түзеп, есін жинаған жаңа құрлық британ отарлығын жатсынатын болды, тәуелсіздік жолындағы азамат соғысы басталды. Нью-Йорк Гудзон жазығын басып алып, американдықтардың жасақтарын  бір-бірінен бөліп тастауды ойлаған ағылшын армиясы соққысының астында қалды. 1776 жылғы қыркүйек айында қала өртке оранды, үйлердің үштен бірі жанып кетті. Азамат соғысынан соң қаланың даңқы асқақтап тұрғанды. Британ шабуылдарына бас имеген Нью-Йорктықтар бүкіл Америкаға олжа салуды көкседі. Алайда бұл тұста Вашингтон астана атанып үлгерген еді. Шаһар енді қаржы және сауда мәдениет орталығы болуға асықты. Қазіргі Нью-Йорк бес ауданнан тұрады. Олар: Манхэттен, Бронкс, Бруклин, Ричмонд және Куинс. Бұлар Нью-Йорктың аумағында демесеңіз, әрқайсысы өз алдына дербес қалалар.

Манхэттен Гудзон және Ист-Ривер өзендерінің аралығындағы тілдей арал, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. 1929 жылы осы жерде алғашқы көк тіреген ғимарат -Empire State Building (ESB) салынды. Ол содан бері Нью-Йорктың көз қуанышы болып келеді. 79 қабаттан тұратын зәулімнің үстінен түнде қалаға көз салсаңыз жақұттай жылтыраған түрлі-түсті сансыз жарық жанарыңды сайтандай арбайды. Жан-жағын неон жарнамалар мен хайвей таспалары, сәулелендірген көпірлердің судағы бейнесі өз алдына бір әлем. Ал күндіз көзіңнің алдында түзу де кең көшелер түзіліп, алаңдар мен бау-бақшалар құлпырады. Ерсілі-қарсылы ағылған көліктер мен жаяу елден басың айналады. ESB әуелде дирижабльдер қонатын биік тұғыр ретінде пайдаланылмақ болған екен. Алайда «Гинденбург» апатынан соң бұған тиым салынған. 1945 жылы 79-шы қабатқа бомбалағыш ұшақ соғылады. Зәулім ғимараттың үстіңгі жағы қирайды, тек мықты темір бағаналар ESB-ны түгелдей құлап түсуден сақтап қалған.

Бірақ, 2001 жылы  құркүйектің 11 жұлдызында Усамен бен Ладен ұйымдастырған лаңкестік шабуылда көк тіреген егіз зәулім қопарылып түсті. АҚШ-тың ұлылығын паш еткен заңғарлар тас-талқан болды. Әлем құдірет атаулының мәңгілік бола алмайтындығын түршігіп тұрып ұғынды. Нью-Йоркты үрей жайлады.

Қаланы америкалықтар да, шетелдіктер де осы заман қаласы деп біледі. АҚШ-тың басқа қалаларына қарағанда мұнда тарихи ғимараттар сирек. Солардың бірі  - Уолл-стриттегі Әулие Троица шіркеуі болса, екіншісі осы көшедегі сұр граниттен салынған бұғыныңқы көне үй. Оның тарихи мұраға айналып, осы күнге дейін сақталып қалуының заманалық себебі бар. Нақ сонда АҚШ-тың тұңғыш президенті Д.Вашингтон ант берген осы шаңырақта «Құқық туралы билль» мен «Тәуелсіздік декларациясы» жария етілді.

Нью-Йорк АҚШ-тың қаласы демесеңіз, басқару тетігі жағынан дербес. Билік төрт жылға сайланатын мэр мен муниципалдық кеңестің қолында. Мэр қаладағы департаменттер мен қызмет басшыларын тағайындайды, бюджетті әзірлейді. Муниципалдық кеңестің өз президенті бар. Ол да 4 жылға сайланады. Кеңес жергілікті басқару мәселелері туралы нормативтік акт жасайды, бюджетті бекітеді. Мұның сыртында Нью-Йорктың конституциясы секілді заң бар. Осы заң бойынша кеңес пен мэрдің қызметіне шектеулер қойылған. Қала өмірінде штат губернаторының құзыры да айрықша, ол кеңес президентін, мэрді, басқа да лауазым иелерін заңды бұзған жағдайда орындарынан босата алады. Нью-Йорктың экономикасы негізінен өндіріс, транспорт және сауда орталығы, ол АҚШ-тың ең ірі теңіз қақпасы. Жүк айналымы жылына 100 млн тоннадан асып түседі. Шаһар арқылы көптеген трансатлант әуе жолдары өтеді. Дж. Кеннеди (Айдлуайлд) әуежайы - әлемдегі ірі аэропорттардың бірі.

АҚШ-тың сыртқы сауда айналымының төрттен бірі осы қала арқылы жүзеге асырылады. Астық, қант, кофе, каучук, қара және түсті металдар саудасы күн сайын қызып жатады. Ақша қоры биржалары банк басқармалары болса, капиталдың әлемдік тамыршысына айналған. Нью-Йорктегі машина жасау, металл өңдеу, химия, мұнай, түсті металлургия кәсіпорындары ең озық технологияларымен белгілі. Қалаға келген шетелдіктерді аралдармен байланыстыратын 60 көпір, 4 автокөлік туннелі мен 24 жолаушылар паромдары таң қалдырмай қоймайды. Метро жолының ұзындығы 385 км. Қала әлемдігі мәдениет пен өнердің, осы заманғы білімнің орталығы ретінде де даңқын аспандатып келеді. Нью-Йоркте 6 университет, 40-тан астам колледж, Ғылым академиясы, Американың өнер және әдебиет академиясы, Саяси ғылымдар академиясы, Медицина академиясы, Курант атындағы математика институты, Химия, Аэронавтика институттары бар. Театрлар мен кітапхана, музейлер ондап саналады.

1962 жылы М. Абрамовицтың жобасымен салынған филармония залы, 1964 жылы бой көтерген Нью-Йорк штатының театры, 1965 жылы тұрғызылған «Вивиан-Бомонт» театры, «Метрополитен-опера» ұлттық мақтанышқа айналған өнер шаңырақтары. 1886 жылы француздар тарту еткен (мүсінші Ф. Бартольди) Бостандық ескерткіші Нью-Йорктықтардың ғана емес, бүкіл АҚШ-тың тарихи мұрасы ретінде асқақтатылып келеді. Әсем де сом Вашингтон арқасының да ұлттық патриоттық сезімді тәрбиелеудегі маңызы өлшеусіз. «Нью-Йорк таймс» газеті 1851 жылдан бері шығады. Редакцияда 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлемнің түрлі елдеріне арналған 30 қосымшасы бар. Дүниежүзінің барлық мемлекеттерінде тілшілер ұстайды.

Жолыңыз түсіп Нью-Йоркке бара қалсаңыз, атышулы Бродвей көшесіне соқпай кетпеңіз. Ол қаланың ең таңдаулы театрларды бауырына басқан. Дүкендер мен мейрамханалар да жыртылып артылады. Манхэттеннің солтүстігіндегі негрлер әлемі-Гарлема мен Қытай бөлігі-Чайн-таунның ішкі сыры да телегей-теңіз. Аттракциондар орталығы болып саналатын Кони-Айлендтің қызық, қуанышы да ешқашан сарқылмақ емес. XX-шы ғасырдың басында саяси, ғылыми және мәдени бөлікке айналған Гринвич-Виллидж суретшілер мен музыканттардың шағын отаны. Көрнекті драматург А. Миллер бір кезде осы Гринвич-Виллиджде өнерге жасқана қадам басқан. Қалада бүгінде 8 миллинонан аса адам ғұмыр кешіп жатыр, Қазақстанның тең жартысы. Нью-Йорк-мемлекет ішіндегі мемлекет. Оның бүгінін көрсең, бас айналдырып, басқа планетаға түсіп қалғандай боласың, ал ертеңі ертегіге ұқсас болып көрінеді маған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364