Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3427 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 06:12

Қуандық Шамахайұлы. Жемқордың тойғаны жемей ме, ашы тоймай ма?

 

Сайлау алдындағы халықтың көңіл-күйін білгіңіз келсе, қарапайым адамдармен ой бөлісіп көріңіз. Базар сатушыларымен, ауылдың қатардағы тұрғындарымен немесе қаладағы таксистермен, студент жастармен.

Қоғамды меңдеген жемқорлық туралы олар жақсы біледі және кіжініп тұрып айтады. Ал, сөйте тұра олардың дені  ешбір басшының, әкімдердің, тіпті депутаттың да ауысып, жаңаруын қаламайды екен. Неге десең, барлығы бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай-ақ: «Қажеті қанша? Оның орнына тағы бір аш жемқор келеді. Ол жеп, тойып болғанша (?)... Одан гөрі тойғаны отыра берсе, тарта жейтін шығар...».

 

Сайлау алдындағы халықтың көңіл-күйін білгіңіз келсе, қарапайым адамдармен ой бөлісіп көріңіз. Базар сатушыларымен, ауылдың қатардағы тұрғындарымен немесе қаладағы таксистермен, студент жастармен.

Қоғамды меңдеген жемқорлық туралы олар жақсы біледі және кіжініп тұрып айтады. Ал, сөйте тұра олардың дені  ешбір басшының, әкімдердің, тіпті депутаттың да ауысып, жаңаруын қаламайды екен. Неге десең, барлығы бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай-ақ: «Қажеті қанша? Оның орнына тағы бір аш жемқор келеді. Ол жеп, тойып болғанша (?)... Одан гөрі тойғаны отыра берсе, тарта жейтін шығар...».

Уәждерінің түрін қараңыз! Сонда, әркім жеу үшін ғана лауазымға келеді екен және онысының еш сөкеттігі де болмағаны ғой?! Қоғамда неге мұндай келеңсіз ой орнығып алған, неге оған енжар қараймыз?! Кезінде әлемді жеке дара билемек болған Шыңғыс хан - Тэмүжиннің өзі «ханның тағы ауыспалы, қолдағы билікке де кезек бар» - деп, тақтың мәңгі еместігін, уақыты келгенде өзгеге тапсыру керектігін айтып кеткен. Олай болса, қазіргідей өркениет дәуірінде жемқорларды биліктің маңына жолатпаумен қатар оны үнемі білікті де алғыр жас буын өкілдерімен алмастырып, жаңартып, тазартып отыратын үрдісті қалыптастыруымыз керек еді ғой. Әрине, бұл жерде мен бізде сапырылысып жататын көзбояушылықты айтып отырған жоқпын. Шынайы демократиялық тәртіптің орнауы бәрінен маңызды болмас па. Жаңа Парламентке кімді, қандай қасиетіне қарай сайлаймыз деген сауал осындайда еріксіз ойға оралады.

Жалпы қоғамдағы саяси, құқықтық түрлі өлшемдердің сыртында моралдық жауапкершілік деген жазылмаған заң бар. Адамзат өмірінің қозғалысы аясында туып шыққан құндылықтардың арасында дәл осы ар ұяттан биігі жоқ шығар, сірә! Сонысымен де мораль деген шын мәнінде бәрінен күшті. Ол заң секілді емес. Сондықтан оны билік, белгілі бір топ жасай алмайды. Тіпті, өз қалауымен өзгертуге де еш мүмкіндігі жоқ.

Жалпы қоғам бүкіл болмысымен рухани өмірден тұрады десек қателеспейтін шығармыз. Себебі, оны жасаушы адам - өзі өзіне рухани пайымды жасап алып, сонысына еріп өмір сүреді емес пе. Олай болса, саяси билік иелерінің моралдық жауапкершілігі туралы сөз қозғау, дәл бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып отыр.

Тарихтың спиралдық тұрпатпен,  өзіндік циклдерімен жалғасатындығын ескерсек, саясат атты «сайқалдың» ластануы да өзінің заңдылығымен жүріп жатқан үрдіс шығар. Алайда, саяси үрдістің дәл бүгінгідей былыққан кезі тарихта сирек кездескен болар. Айталық, саясатқа лас тәсілмен араласу, бір адамның дара билігінің үстемдік құруы, өз құзіретін халықтың мүддесіне емес, қарақан басының қамын күйттеуге арнауы, ортақ байлықты отбасының уысында ғана ұстау т.с.с.

Мұндайды аластау үшін не істеу керек?  Оған қарсы күш қолдана алмайсың. Заң-зәкүн айтып, иландыру тіпті де мүмкін емес. Ғылыми тұрғыдан келгенде, ең дұрысы - моралдық жауапкершілік қана. Алайда, мұның өзі орындалмас арман іспетті көрінер. Себебі, сол мораліңнің өзін мойындап жатқан кім бар?!

Әркімде өз құзіретін жүзеге асыруы үшін қолында билігі болуы керек. Ол билік жоқ болса ше? Ал, шын мәнінде, өз құзіретін жүзеге асырып отырғандар  сіз бен біздің билігімізді шеберлікпен пайдалана білушілер. Ендеше, оларға біздің жоғары талап қоюға толық қақымыз бар ғой. Билік жайын түсіндіретін бихевористік теорияда: «Билік дегеніміз адамның өз өмірінің қадіріне жете отырып, дүние мүлік, атақ-даңқ, еркіндікті иеленуі және оның қауіпсіздігін кепілдендіру құралы» - деп, анықтайды. Әрине, жоғарыдағы айтқанымыздан мүлде өзгеше пайым жатыр. Аталмыш теорияға қарап, бәзбіреулер ғылыми түрде осылай екен ғой деуі мүмкін. Алайда, олай емес.

Осы жерде жалпы саяси билік көшбасшылары қайдан, қалай туып шығады деген сұрақтың туындауы заңды. Жалпылай алғанда, сайлану, таңдалып тағайындалу және мұрагер ретінде танылу бар. Біздің жағдайда соңғысы болмауға тиіс. Оған еш негіз де жоқ. Ал, сайлану, тағайындалу қолданыста бар дүние. Негізі, әділ жолмен бәсекеге түсіп, жеңіп шығып сайлануға болады. Топ ортадан таңдалып тағайындалу да бар. Бұл енді демократия!

Ал, сайлауды былықтырып, дауыс ұрлап та «жеңіске» жетуге болады, яғни, авторитарлық жолмен. Сол сияқты сыбайластық жолмен лауазымға тағайындалу, қызметтік тақты сатып алу да бар. Осылайша, мемлекеттің атына кір келтіретін, қоғамдағы тұрақтылықтың берекесін қашыратын көріністер қылаң беріп жатады. Ондай былық-шылықтан арылудың бірден бір жолы - тағы да сол ар-ұждан, мораль дер едік.

Ұлы ойшылдардың пайымдауынша, билікке қол жеткізудің өзі түбірімен кездейсоқтықтан тұрады екен. Сен Президент, премьер министр, депутат, министр, әкім бол, мейлі.  Барлық лауазымдық орынтақ көп жағдайда кездейсоқ сипатта иесін табатын көрінеді. Әйтпесе, біреудің пешенесіне мәңгілік жазылып қойылған заңдылық болмаса керек. Таңдалып алынудың өзі терең мағынасына үңілгенде кездейсоқтығы басым түсетін жайы бар. Бір орынға ұсынылған екеудің бірінің басым түсіп таңдалуы оның бәсекелесінен озық туғандығындығында емес. Бағы жанып, оза шапқанның өзі «жеңілген» бәсекелесінің алып тастаған тырнағына да татымауы мүмкін. Алайда, кездейсоқ таңдау соған түсті. Сондықтан, саясаттағы сапырылысқан бәсекеде ар-ұждан мәселесіне көбірек назар аударуымыз керек секілді.

Мысал ретінде орман өмірін алайық. Онда аңдардың патшасы - арыстан.  Қоян мен арыстан екеуінің арасында азу тіс пен тырнақ, күш-қуат жағынан бітім-болмыстық айырмашылықтары жеткілікті. Олай болса, шынайы өмірімізде халық - арыстан, саясаткер - қоян деп білгін! Қазір біз бәрін шатастырып жүрміз. Саясаткер мырзалар өздерін арыстан екенбіз деп ойлап тіпті қатты қателесіп кетті. Оны күнделікті жүріс-тұрыстарынан, сөйлеген сөздерінен анық аңғаруға болады.

Саяси билік иелеріне қойылатын моралдық талаптың аясы өте кең. Оны тіпті толыққанды түрде анықтаудың өзі қиын. Сондықтан, айналып келіп, көне ойшылдарға соның ішінде Аристотелге жүгінуімізге тура келеді. Оның «Биік мораль», «Саясат», «Шешендік өнер» сынды шығармаларынан ой түйіндер болсақ мынандай:

-  Жалған сөйлемеу, халықты алдамау;

-  Заңды бұлжытпай орындаумен қатар этикалық тәрбиесінің мықтылығы;

-  Парақорлыққа, жемқорлыққа мойынсынбайтын ерік-күштің беріктігі;

-  Өзінен бұрын халықтың мүддесін биік қою;

-  Қылмыстық топтардан іргесін аулақ салу;

-  Әрдайым әділдікті қастерлеу.

Осылай санамалап айта салу оңай, әрине. Алайда, жоғарыда аталған моралдық талаптардың үдесінен толықтай шығатын тұлғаларды тауып тағайындау, сайлау өте күрделі. Ал, оның қандай тәсілмен қалай айқындалатыны өз алдына бөлек әңгіме.

Негізі, саяси билік иелеріне қойылатын моралдық талаптарды қалыптастыратын институттардың құрылымы таза әрі дені сау болуға тиіс шығар. Жалпы саясаткерлердің моралдық жағынан азғындауы, артта қалушылыққа ұшырауы - оның қоғам арасындағы абыройын айрандай төгетін, кереғар салдары көп дүние. Тіпті қоғамда жаппай жек көрушіліктің де орын алатындығын «Араб көктемі» мен кейбір шығыс диктаторлары өмірінің  ақыры көрсетіп берген жоқ па. Одан алатын сабақ, билікті теріс пайдаланудың соңы міндетті түрде қасіретпен аяқталатындығы болса керек. Лас жолмен келген байлық та, мәнсап та ешкімге опа бермесі анық.

Атаққұмарлықтың да соңы абыроймен аяқталмайтыны әлімсақтан мәлім. Ендеше, тоқ жемқорларымызды аялап, «Алла оларға қанағат берсін» деп сөз басында айтқанымыздай ештеңені өзгертпей отыра береміз бе? Әлде, ашқарағы да, тойғаны да жемқор, «мешкей деген жақсы ат емес» деп біліп, аластаған абзал ма?

Қалай десек те, үмітіміз үзілмегей. Алдағы болашақтан әділдік пен жақсылықты күтерміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321