Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өзекті 3305 5 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 14:33

Эпидемиология ғылыми-зерттеу институтын қайта ашу керек!

Сурет Азаттық сайтынан алынды

1925 жылы Қазақстанда медицина саласындағы тұңғыш ғылыми-зерттеу мекемесі - Санитарлық-бактериология институты құрылды. ХХ ғасыр басында елде оқтын-оқтын өршіп тұрған шешек, тырысқақ, қызылша және басқа жұқпалы аурулардың ошағын жойған осы институт қызметкерлері болатын. Институт ғалымдары елді аралап түрлі вирустық ауруларды зерттеп, емін анықтауға, вакциналауға көп үлес қосқан.

Ал Қазақстан Ғылым академиясының Тропикалық аурулар институты 1944 жылы құрылды. Бұл институт елімізде мал шаруашылығы басым болғандықтан бруцеллез, еңбек гигиенасы мен патологиясы, паразитология, ішек ауруларын зерттеген.

Семейдегі атом полигонының халық денсаулығына әсерін ең бірінші зерттеген де осы институт. Атақты ғалым Бақия Атшабаров сол зерттеумен айналысқан.

Бұдан бөлек КСРО кезінде Қазақстанда Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми зерттеу институты болған.

Міне, осындай іргелі ғылыми мектебі қалыптасқан институттар 1990 жылдары жабылып, сол кездегі денсаулық сақтау агенттігіне қарасты Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы болып құрылды. Оңтайландыру бұл саланы да оңдырмады сөйтіп.

Қазіргі таңда елімізде жеке эпидемиология ғылыми-зерттеу институты да, вирусология орталығы да жоқ (зертхана бар). Алға жылжудың орнына кері кетіп, бәрін қүртып тындық. Жұқпалы ауруды зерттейтін нағыз осы мекемелер. Ғылымсыз медицина дамымайды. Енді шетелдіктердің зерттеу нәтижелеріне жәутеңдеп отырмыз.

Әр елдің, ұлттың өзгешелігі бар, менталитет сияқты ешбір ұлттың иммунитеті де бір-біріне ұқсамайды. Жеке институт болса соның бәрін ескере отырып, қазіргі коронавирусты егжей-тегжейлі зерттейтін еді.

Ұлттың денсаулығы - мемлекеттің қауіпсіздігі! Коронавирус індеті халқымыздың денсаулығы алаңдатарлық күйде екенін көрсетті. Сондықтан республикалық деңгейде Эпидемиология ҒЗИ мен Вирусология орталығын қайтадан ашу қажет. ЖОО-ларда осы мамандықтарға грантты көбейту керек. Ұлтты сақтағымыз келсе уақыт талабына сай қимылдайтын кез келді.

Дина Имамбаева

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543