Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 10176 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 14:13

Жақұт мекен Жетісу

Жетісу атырабы көз жауын алатын сұлулығы мен көк май­салы, сылдырай аққан өзен-кө­лімен көрікті. Осындай барша­ны тамсандырған саф ауасымен тыныстау, тамаша табиғатта еркін демалу арқылы адам ден­саулығы нығайып, күш-қайрат бітеді. Табиғат пен адам егіз дей­тініміздің түп-төркіні осы­дан. Табиғаттың әлеуметтік мә­се­лелермен қатар, экономикаға да қосары мол. Демек, туризмді дамытудың игілігі жетіп, арты­лады. Өркениетті мемлекеттер бұған әлдеқашан мән берген. Осы мәселе соңғы жылдары жан-жақты  қолға алына баста­ған­дықтан, барымызды жарқы­рата көрсетуге мүмкіндік туды. Жер жәннаты саналған өлкеміз ішкі және сыртқы туризмді өр­кендетуге қолайлы аймақтар қатарында болғандықтан, бұл бағытта ізгі ізденіс басым екендігі қуантады.

Үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы аясында туризмнің 2011-2015 жылдарға арналған жоспары негізінде жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Биыл облыстық бюджеттен осы мақсатқа 32,0 млн. теңге қаржы бөлініп, туристік бедел-біліктілікті қалыптастыру мақ­са­тында халықаралық туристік көрмелер мен биржаларға тұ­рақ­ты қатысу мүмкіндігіне жол ашылған. Мәселен, Испанияның Мадрид қаласындағы «FITUR», Берлиндегі «ITB», Мәскеуде өт­кен «Инумаркет-2011», Бейжің, Милан қалаларындағы көрмелер мен жәрмеңкелерде табиғаты тұ­нып тұрған көрікті жерлерді насихаттауға мүмкіндік туғанын айтсақ артық емес.

Алматы қаласында өткен ха­лық­аралық қазақстандық «KITF- 2011» туристік жәрмеңкеде  ұлттық саябақтар мен туристік фирмалар және туристерді қа­был­дау нысандары қатысып, өңірдің демалу, бизнес жүргізу, инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы ақпараттар, туристік мүм­кіндіктерді насихаттауға, басқа да мәселелердің тиянағын келтіруге қол жеткізіліпті. Өңірдің туристік атласы, туристік төлқұ­жаты, буклеттер, кәдесый өнім­дері және Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен бағыттары бойынша экспедицияның қорытынды­сы­мен фотоальбом әзірленгені де мақсатты істер қатарында.

Өңірдің табиғи-рекреа­циялық ресурстары негізге алы­нып, эко­логиялық туризмді да­мытуға ай­рықша көңіл бөлінген. Экология­лық туризм негізін «Іле-Ала­тауы», «Алтынемел», «Ша­рын», «Көлсай көлдері» және «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік-ұлттық табиғи бақтары, Алакөл және Ал­маты мемлекеттік табиғи қорық­тары құрайды. Экология­лық туризмді дамыту және таби­ғи бақ­тардағы кейбір мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақ­сатында биыл  Туризм және спорт министрлігі, турфирмалар­дың және мүдделі бизнес құры­лымдардың қатысуымен «Ша­рын» мемлекеттік-ұлттық табиғи бағында экологиялық туризмді жандандырудың бас жоспарын таныстыру шарасын өткізді. Өс­келең ұрпақты туризм түрлерімен айналысуға тартуға бағытталған шара жемісін берді. Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудегі қауымдастықтың бастамалары қолдау тапқан. Балалар мен жас­өспірімдер арасында саламат­ты өмір салтын қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспенші­ліктерін арттыратын экскур­сиялар жиі ұйымдастырылып, жұмақ ме­кеннің жақсылықтары кәдеге асырылуда.

Туризмді өркендетудің басты бағыты - инфрақұрылымды дамыту. Өткен жылы осындай 470 туристік нысан тіркелсе, олар­дың арасында курорттық, кли­маттық, экологиялық, спорт­тық, мәдени-танымдық, аңшы­лық тәрізді көпшіліктің назарын аударып, көңілдерінен шығатын бағыттар бар. Қапшағай су қой­масының, Алакөл, Балқаш көл­дерінің жағалауларында орналас­қан орындарда мыңдаған адам демалады. Жаз қызығы есте қаларлықтай етіп, Іле өзенінің оң жағалауындағы таңбалы тас ал­ма­тылықтар мен облыс тұрғын­дарының денсаулығын нығай­татын орынға айналды.

Италиялық жобамен салынған Қапшағайдағы аквапарк үлкен-кішінің көп жиналып, көңіл көтеретін жері. Ал, Талғар ауда­нының аумағында «Іле-Алатауы»  мемлекеттік ұлттық табиғи ба­ғы­ның тіптен орны бөлек. Оның күміс шыңдары мен жайқалған шабындығы, мөлдір өзендері көр­ген жанды бірден баурап ала­ды. Жетісудың Шарын шат­қа­­лы­ның құлама беткейлері, мұнара­лары мен арқауларының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Табиғат­тың «өз қолымен» мыңдаған жыл бойы жасаған кереметін сөзбен жеткізу мүмкін емес,  оны көру, сезім елегінен өткізу керек.

«Шарынның» табиғи бітімі Америкадағы Колорадо шатқа­лынан еш кем емес екендігі дәлел­денген. Ал, Сарқан ауданы табиғатының әсемдігі, жануарлар мен өсімдік түрлерінің мол­дығы демалушыларға айрықша әсер етеді. Балқаш аймағы күн сәулесі молынан түсетін шағыл құмды даласымен тартымды. Шөлді, қуаң дала Балқаш көлі­нен нәр алады. Әсем көрінісі­мен, сан түрлі өсімдік және жануарлар дү­ниесімен белгілі ай­мақта өткен ғасырдың ортасына дейін жолба­рыс болған деседі. Іле өзенінің бойын әлі де елік, қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Жыл сайын «Алтын­емел», «Іле Алатауы», «Ша­рын», «Көлсай көл­дері», «Таң­балы тас», «Аңы­рақай шатқа­лы», Жаркент өңірі мен Жоңғар Алатауы бағытына экскурсиялар ұйымдастырылып, тұтынушы­лардың демалысын мән­ді өткізу­ге мүмкіндігінше жағдай жасалуда. Сондай-ақ, Қарасайда «Ала­тау», Ақсуда «Қапал Арасан», Талғарда «Көктем» және «Ақбұлақ», Панфиловта «Жаркент-Арасан» мен «Керімағаш» емдеу-сауықтыру орындары жұ­мыс істейді. Халықаралық стан­дарттарға сай сапалы қызмет көрсе­тетін «Старая крепость», «Моre lux», «freedom» демалыс ба­засы, «Табаған» кешені, «Ақ­бұ­лақ» тау  шаңғысы курорты сия­қ­ты нысандарға тұтыну­шылар мен туристер көп келеді. Бұл бағыттарға жақсы жол салынып, демалушыларға ың­ғай­лы жағдай қарастырылса, ал­дағы уақытта мың­­даған туристің келуіне мүм­кіндік туатыны айтпаса да түсінікті.

Ағымдағы жылы Көкпек, Кеген, Жалаңаш Саты Көлсай авто­­көлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын тазалау жұ­мыстары жалғасты. Аталған көлдердің жағалауында орналас­қан туристік нысандар жеке адам­дардың игілігінде болғандықтан, тазалыққа дема­лыс орындары­ның иелері жауап­ты. Демек, осы бағыттағы жұмыс мүдделі ұйым­дармен бірлесе жалғасын тауып, Жетісу өлкесінің інжу-маржанын алыс-жақыннан келгендерге жар­қырата көрсету қажет.

Туристік мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру жұмыста­рына ерекше мән берілуде. Мәсе­лен, жыл сайын Орталық Азия мен Тұран университетінің оқы­ту­шылары аудандар мен қала­ларда туризммен айналысатын мамандармен арнайы семинар өткізеді. Сондай-ақ, біліктіліктерін арт­тыру курсын өткізу де назардан тыс қалмайды.

Туризмді дамыту мен оны қаржы көзіне айналдыру мақса­тындағы жобалар да бар. Мәсе­лен, 2010-2014 жылдарға арнал­ған бағдарламаға сәйкес «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі бойына туризм нысан­дарын салу, Қапшағай су қой­ма­сының жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік ор­та­лық құрылысын, Текелі және Қаскелең қаласының маңында тау шаңғысы базасын, Райым­бек ауданында «Мойнақ» этно­туристік кешенін, бәсекеге қабі­летті туристік индустрияны құру және басқа да стратегия­лық жоспарға сәйкес туристік-сауықтыру қызметтерін көрсе­тудегі жұмыстар алдағы күн­дер­дің еншісінде. Демек, өңір экономикасының бір бағыты осы саладан түсетін қаржымен толығатыны түсінікті.

Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420