Сенбі, 23 Қараша 2024
2609 1 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 11:21

Трамп әкімшілігі Қытайдағы коммунистердің барлығына АҚШ-қа баруға тыйым салуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қытай компартиясының барлық мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне елге келуге тыйым салуы мүмкін.

Бұл туралы The New York Times газеті мен Reuters ​агенттігі осы тақырыппен жақын таныс дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Осындай заң қабылданса, Қытайдың кем дегенде 150 миллион тұрғыны АҚШ-қа бара алмайды.

Жоғары лауазымды шенеуніктер президент жарлығының жобасын сынады. Құжат Трамптың өзіне де көрсетілмеген дейді Reuters дереккөзі. Мұндай шара Вашингтонның Қытайға қатысты қабылдаған ең қатаң заңына айналуы мүмкін деп жазды агенттік.

2018 жылдың басында АҚШ пен Қытай сауда күресін бастады. Сол кезде Трамп Қытайдың бірқатар тауарына салықты көбейтті. Одан соң АҚШ Қытайды технология ұрлады деп айыптады. Қытай билігі де осындай айыптаумен жауап берді.

Қытай компартиясына шамамен 92 миллион адам мүше.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504