Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5304 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 12:57

Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қолжетімділік картасы» жасалады

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ - Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жалпыреспубликалық «қолжетімділік картасы» жасалады, деп хабарлайды «Аржан» қоғамдық қоры.

«Бұл карта - мүмкіндіктері шеутеулі адамдар үшін қоғамдық орындарды ашуға көмектесетін «алтын кілт». Карта мүгедек жандарға туған қаласында және республиканың басқа қалаларында өз күшімен бара алатын және  бөтен адамның көмегі қажет болатын, тіпті өздері үшін кіретін есік мүлдем жоқ орындар туралы нақты ақпарат береді», - делінген қордың сәрсенбі күні таратқан ақпаратында.

«Қолжетімділік картасында» қалалық бақ немесе жергілікті әкімдік болсын, кез-келген орынның қолжетімділік деңгейі туралы ақпарат жинақталады. Ұйымдастырушылар карта мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қоғамда қалыптасқан ережелердің, стереотиптердің және дискриминацияның өзгеруіне ықпал етеді, өйткені мүмкіндіктері шектеулі адамдар қоғамдық орындарға жиі барып, өмірлік процестерге қатыса алады дейді.

Жобаның мақсаты - келуге болатын барлық нысандардың мүгедектер үшін қолжетімді болуына қолдау көрсету. Ол үш айға есептелген. Бұл уақыт ішінде қалалық объектілер туралы ақпарат жиналады. Мәліметтердің бәрі қордың сайтына орналастырылады. Картаны жасауға кез-келген адам қатыса алады, ол үшін нысандарды тексеріп, өз сипаттамасын беру керек.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963