Дүйсенбі, 11 Мамыр 2026
4106 0 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 13:06

Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылғанын жариялады.

Бұл шешімді Білім министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша қабылдап отыр.

«Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады: eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген) және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)», - деп хабарлайды министрліктен.

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2472
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1752