Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Ақмылтық 177 0 пікір 1 Қыркүйек, 2026 сағат 13:27

Көшпендер ойыны құт болсын!

Суреттер: akorda.kz сайтынан алынды.

Құрметті төрк/төрүк ағайындар! Кеше Қырғызстанда Бүкіләлемдік Көшпендердің 6-ойыны басталды! Құтты болсын!

Бұл бізді адамзатқа әкелген өмір салтымыздың бір көрінісі. Лайым да соғыстың орнына аренада, ойынжайларда сайыс өте бергей!

Түркі ме, Төрк пе?

Түркі деген тіліміздің шарасыз қалпын танытатын жасанды "неологты" әдейі ТӨРК деп жүрміз. Бұл әу баста да, қазақ тілінің ыңғайы мен заңдылығына да, тарихына да қатысты сөз. Төрк кейбір жазындылардағыдай "мықты" деген емес, бұл айналасын ауызына қаратқан, кәсібі мен санасы бірегей жұртшылық дегенді меңзейтін сөз. Оның түбірі - ТӨР. Төр сөзі қасиетті әрі әділ билеушілердің орда үйдегі орны ғана емес, ежелгі заң дегенді білдірген ұлағаттың жұрнағы. Одан беріректе билеушіні ТӨРЕ дедік. ҮШ түрді салған текеметті төрге жайып, қасиетті орынға балады. Төр - храмдағы алтарь рөлін атқарды. Міне осы танымның сығындысы ТӨРК (айтымы - төрүк) болатын!

Көшпен бе, көшпенді ме?

Көшпенді. Бұл - ХХ ғасырдағы тілімізді кезекті рет төменсіткен жабайы неолог! Бұл - сөз емес. Тарихи қалыптасқан лексика емес. Көшпенді сөзі алқынды, қосынды, шайынды, көбейтінді секілді сөзжасамы нық сөздерге жатпайды, керісінше сол сөзжасамды тіәрк етіп тұр: КӨШ+ІНДІ емес, КӨШПЕ-інді болып тұр. Бұның мағынасын тексеру үшін басқа тілге сөзбе-сөз аударсақ: көшпен+ді - человек со көшпеном болып шығады. Ешбір мағына мен мән жоқ.

Номад сөзінің баламасын қырғыз ағайын дәл әрі өте сауатты жасап алды: КӨШМӘН - КӨЧМӨН. Қазақша КӨШПЕН! Көш адамы немесе көш-адам. "Көшпенге" -ДІ жалғауын қосудың керегі жоқ болатын. Бәлкім кейінірек үндесімді бұзып, «түрікпен» сөзін «түркмен» деп жүргеніміздей «көшмен» деп кетерміз – еліктегіш,ергішпіз ғой.

Варвар һәм көшпелі

Шындығында НОМАД сөзі батыстың бізді көшпелі халық деп ориенталистік көзқараспен, кісімси тұрғымен ата, қалыптастырған ұғымы болатын. Ертеректе бұл сөздің ВАРВАР деген де нұсқасы болды. Біз соны бар болғаны кәлкілеп алдық. Шындығында біз көшпелі халық емеспіз!

Біздің ата-бабаның 4 кеңісті меңгеріп, соған сай 4 кәсіпті: бақташылық/төрт түлік, диқандық/тарышылық, теміршілік/металлургия, аңшылық/балықшылық. Бұл кәсіптер Тауды, Жазықты, Су мен Орманды меңгеруден туындаған өмір сүру кеңістігі саналады. Бірақ бұның бәрінің басында АТТЫ өркениет тұр. Ата-бабаның бірегей әрі ерекше саналы болуы да ЖЫЛҚЫмен тікелей байланысты. Адамзатты адамзат еткен - ЖЫЛҚЫ! Жылқы - төрктің жаны, қанаты. Сондықтан ол Аспан мен Жердің еркесі сезінде, соның ортасындағы адам баласы рөлінде болды. Осыджан барып Аспанасты Жерүсті ұғымы пайда болды. Сондықтан да бұл халыққа дін керек болмады, астралдық әлеммен тікелей байланыстағы қабылеті оған жібермеді. Ғарышпен/Табиғатпен тығыз қатынаста болатын халыққа артық таным мен дін керек болмады, ол бүгінгі Адамзатты қайыра қайтаратын доктрина!

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 170
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 260
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 179
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 177