Дүйсенбі, 11 Мамыр 2026
3920 2 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 10:51

Египет парламенті Ливияға әскер кіргізуге рұқсат берді

Египет парламенті басқа ел аумағына әскер орналастыруға рұқсат берді.

Египет президенті Түркия қолдауына ие Ливияға қарсы соғысуды қалайды. Енді мұндай ұстанымды парламент қолдады.

Египет әскері "батыс майданда" шоғырлануы тиіс делінген парламент қаулысында. Египет батыста Ливиямен шектесіп жатыр.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы күштердің осы бағытқа қарай қозғалысы Египет пен Түркия сарбаздарының қақтығысына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Египет, БАӘ және Ресей ливиялық үкіметке қарсы шыққан қолбасшы Халиф Хафтар қарулы күштерін қолдап отыр. Шілденің басында ол Ливия астанасы Триполи қаласына шабылдаудан бас тартты, өйткені сол кезде Түркия Ливия үкіметін қолдайтынын мәлімдеген еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2476
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1752