Сенбі, 23 Қараша 2024
3082 0 пікір 23 Шілде, 2020 сағат 14:21

А. Калайчиди: Қазақстан бойынша дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 537 фактісі анықталды

Тыйым салынғанына қарамастан, адамдар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жасырын түрде сатуда. 5 шілдеден бастап осындай 537 бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді.

58 факті бойынша заңсыз кәсіпкерлік туралы қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалғанына айыппұл салынады. 431 адам полицияға жеткізілді. Сондай-ақ 400 препараттың 70 мыңнан астам қаптамасы заңсыз айналымнан шығарылды. Жарты миллионға жуық бетперде, 36 мың қолғаптар, термометрлер, тамызғыштар және 700 литрден астам антисептикті жасырын түрде сатылмақ болған.

Тауарлардың көп бөлігі Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Атырау мен Жамбыл облыстарында тәркіленді. Барлық өнім пациенттерді емдеу үшін медициналық ұйымдарға беріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434