Ауылдағы жағдай күрделі!
Өкінішке орай, вирус ауылдарды да жаулап алды. Ауылдарда жағдай күннен - күнге күрделеніп барады. Қалада аптека, аурухананың инфрақұрылымы біршама бар болса, ауылдағы медицина инфрақұрылымы мүшкіл екендігі анық.
Сонан кейін, ауылдағы туған-туыс әлеуметтік желі, мессенджерді көп пайдаланбайды. Ақпарат легі тежелген. Өздері де ауырып қалса, бәлніс іздеп, ауда орталығына жеткенше, өздері жеке қамданғанды жақсы көреді.
Ал дәрі-дәрмек, фельдшерлік пункттер тапшы, болғанның өзінде укол, дәрі жағы жұпыны.
Жағдай өте күрделі. Облыс, аудан әкімдері өздерінің толық қауқарсыздығын көрсетті. Құдды әкімдер бір әлемде, халық бір әлемде өмір сүретін тәрізді. Қай облыстың әкімінің жүріс-тұрысына қарасаң, бәрі жайма-шуақ, дәрі жеткізілген, ауруханалар барлық қажетпен толық қамтылған. "Солар Марста тұрама" деген сұрақ туады.
Менің ойымша, елімізідегі 200 ден асатын Аудандық Орталық Ауруханаларды толығымен ревизия жасап шыққан дұрыс. Халықтың 42 пайызы ауылды жерде тұрады, олар мемлекеттің қамқорынан тыс қалып отырған жөні бар.
Маған мессенджерге Шығыс Қазақстан,Қызылорда, Алматы, Атырау, Маңғыстау олыстарының ауыл аймақтарында тұратын азаматтардың жан-айқайы келеді. Дәрі жоқ, дәрігер жоқ, өкімет жоқ. Қысқасы осы.
Жақын арада, қай облыс әкімдерінің жұмысы ақсап жатыр, сол жөнінде ақпарат беретін боламыз.
Облыс әкімдерінің жұмысын қоғамдық деңгейде бақылауға алатын күн жетті. Істей алмайсың ба, жұмыстан кет, принцип өоңай және әділетті.
Кейбір әкімдер, өздерінің жүріс-тұрысымен "кейінгі Брежневті" еске түсіреді.
Өте өкінішті және сорақы...
Ерлан Саировтың жазбасы
Abai.kz