Сенбі, 23 Қараша 2024
1878 0 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 18:30

Үндеу. Ерікті бол, жас маман!

Қазір күллі әлем жұртын әлекке түсірген коронавирус індеті Қазақстан медицинасына да ауыр соққы болып тигені белгілі. Елде індет жұқтырғандан саны 67 мың адамға жуықтады. Өткен бір тәулікте 1700 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 782 науқас клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы етінде тіркелген. Аталған індеттен жазылып шыққандар саны 40 мыңнан асты.

Тартысатын емес, тар кезеңге тап болдық. Ел де, ел басқарушылар да. Індет елдегі ірі қалаларға ғана емес, ауыл-аймаққа да тарап үлгерді. Осындай алағай да бұлағай кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына үндеу тастап, бір жағадан бас, бір жеңген қол шығарып, күш біріктіруге шақырды. Президенттің бастамасына Қазақстанның өңір-өңіріндегі белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, ірілі-ұсақты кәсіп иелері т.б. ұйымдар қолдау білдірді.

Еріктілер жылы кезекті науқан емес - Тоқаев | Tengrinews.kz

Баршаға мәлім, 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы». Республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында сөз сөйлеген президент Тоқаев: «Еріктілер жылы – кезекті науқан емес. Ол халқымыздың өмір-салтына айналуы керек. Еріктілердің бойындағы қайрат, күш-жігер аз азаматты ынталандыруы керек. Еліміздің әр аймағы бұл маңызды жұмыстан тыс қалмайды деп сенемін.

Мен еліміздің әрбір өңірінде ерікті болуға ниетті азаматтардың көптігіне сенемін. Үкімет оларға қолдау білдіру үшін барлық шараларды қабылдайды. Абай: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», айтып кеткен. Ерікті болуы – жүректің ісі», - деген еді.

Пандемия басталып, коронавирус пен қаржылық қиындық қос бүйірден қысқан тар кезең келгенде Алматы белсенділері «Ерікті бол» акциясын қолға алды.

2 миллионнан аса тұрғыны бар Алматы қаласында жуырда қосымша күндізгі емдеу стационары ашылатыны ақпаратта жария болған. Ол жерге орташа деңгейлі науқастар қабылданады деп жоспарланған. Яғни, пневмония белгілері расталған, орташа деңгейлі диагноз қойылған науқастар індеті ауыр деңгейге өтіп кетпеуі үшін осы жерлерге жатқызылып, оларға медициналық көмек көрсетіледі. Ол мекемелерде кәсіби дәрігерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, еріктілер тобын да көмекке тартпақ екен. Осыған орай бастамашы топ Қазақстан халқына үндеу жолдап, медициналық факультет студенттерін және ерікті болуыға ниетте барша азаматтарды осы жобаға шақырған.

На борьбу с коронавирусом привлекут студентов-медиков

«Біздің мақсат – еліміздің медициналық жүйесіне қолдау білдіру, көмек қолын ұсыну. Күндізгі стационар арқылы ауруханаларға жатқызылмай қалған азаматтарға көмек беру. Ол стационарларда кәсіби мамандар жұмыс жасайды. Оларға ауруханаларда орын жетіспей қалған болуы мүмкін. Міне, осы категориядағы көп азаматтар дәрі-дәрмек жетіспеушілігін сезініп отыр. Оларға медициналық тексеру мен бақылау керек. Олардың көршілігі өз беттерінше ем қабылдап жатыр. Және олардың барлығында дерлік онсыз да тапшы болып отырған дәрі-дәрмектерді сатып алуға мүмкіндік жоқ.

Біз өзіміздің алғашқы күндізгі стационарымызды ашқан сәтте-ақ, өзіміздің жұмыс жоспарымызды жариялаймыз. Сондай-ақ, өзіміздің тәжірбиемізді жариялаймыз. Ол бойынша кез келген кәсіпкер немесе осындай орындар ашуға ниетті азаматтар өз өңірлерінде де күндізгі стационар аша алатын болады.

Қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін өзіміз жүріп өткен жолдарды көрсетеміз. Осы арқылы біз емге мұқтаж отандастарымызға көмек көрсете аламыз деп ойлаймын», - дейді жоба ұйымдастырушысы Ерлан Нұрпейісов.

Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді | “Адырна” ұлттық ...

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін есім-сойы елге белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев та Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус науқастарын тегін емдейтін медициналық орталық ашатынын хабарлаған.

«Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 100-200 орындық коронавирус науқастарына арналған амбулаториялық-провизорлық орталық ашу үшін орын ғимарат іздестіріп жатырмыз. Алдағы уақытта орындар санын үлкейтуіміз де мүмкін.

Лайықты жалпұлын төлеуге дайынбыз. Дайын ғимараттар болса, әсіресе қонақ үй немесе ыстық-суық суы ретелген ғимараттар болса жақсы еді. Біздің компанияның ғимараттарының көбі тұрғын үйлерде орналасқан. Ол жекелеген азаматтарға қауіпті», - деген еді Рақымбаев.

АЙНУР ТУРСЫНБАЕВА: «Быть акыном не научишь» | Библиотека Первого ...

Осыған дейін «Шұғыла» қайырымдылық қоры да 250 миллион теңге қаржы жинап, оттегі аппараттарын алдыртқан болатын.

Одан бөлек, еріктілер тобы да елден жылу жинауды бастап кеткен. Ал блоегерлік еріктілер тобы 10 миллионға жуық қаражат жинап, 20 оттегі консентраттарын сатып алған. Ол аппараттарды Қапшағай, Талғар және Алматы ауруханаларына табыстаған.

Ал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен еріктілер тобы 125 оттегі консентратын Түркиядан жеткізген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529