Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
46 - сөз 4300 3 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 15:35

Мемлекет бюджетін аймақтарға бұратын уақыт жетті

Еліміздің экономикалық дамуында орталық пен облыстар арасында жермен көктей диспропорция бар.

Біздің елімізде бюджет жоғарыдан төмен қарай жасалады. Яғни, салықтың барлық түрлері орталықта (Өкіметте) шоғырланып, сол жерден аймақтарға бөлінеді.Сол бөліністі әділетті, дұрыс бөлу деп айту қиын.

Қаржының басым бөлігі Нұрсұлтан қаласына тиесілі болып жатады. Аймақтар, әсіресе ауылдарға судың тамшысындай ғана қаржы бөлінеді. Қазір, Нұрсұлтан қаласынан 30- шақырым шығып кетсең, халықтың жағдайының төмен екендігін көресің.

Әлеуметтік- мәдени инфрақұрылым жоқ. Жол жоқ. Интернет тапшы.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру индексі төмен.

Мемлекет бюджетін аймақтарға, ауылға бұратын уақыт жетті. Халықтың 42 - пайызы аймақтарда тұрады. Олардың әлеуметтік иммунитетін ойлау мемлекеттік мәселе.

Нұрсұлтан қаласына қаржыны төге беруді доғарып, аймақтарға көңіл бөлетін уақыт жетті.

Ерлан Саировтың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 775
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2928
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1991