Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2603 0 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 10:54

Мамин: Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемиологиялық ахуал және коронавирус инфекциясымен күресу шаралары қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі  А. Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады.

Биыл 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезеңінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. ҚР-да COVID-19-дан сауығып кеткендердің саны 63%-дан асты. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген.

«Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді А. Мамин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 775
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2928
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1991