Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3837 8 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 12:02

Бес айда 9 мыңға жуық қазақстандық шетелге көшіп кеткен

5 айда Қазақстаннан 8,4 мыңға жуық азамат шетелге көшіп кетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты мәлімдеді. 

Сайт мәліметінше, Отандастарымыздың ең көп қоныс аударған елдері де белгілі болды. Тізімді Ресей бастайды. Солтүстік көршімізге 7258 адам көш кеткен. Бұл елден кеткендердің 86 пайызы. Екінші орында Германия тұр. Аталған елге 606 адам  қоныс аударған. Өзбекстанға 124 адам кетсе, 119 отандасымыз мұхит асып, АҚШ-қа аттанған. Сондай-ақ,  шетелде тұруды шешкен қазақстандықтар Польша, Белорусь, Канада секілді елдерді таңдаған.

Айта кетейік, 2020 жылдың І тоқсанында Қазақстаннан 7,3 мыңнан астам адам кетсе,  2019 жылдың сәйкес кезеңінде 45 мыңнан астам адам қоныс аударған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 775
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2928
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1991