Жұма, 22 Қараша 2024
Дін 3479 6 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 12:28

Биылғы құрбандық - онлайн құрбандық

Құрбан айт мерекесін тойлау қарсаңында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирус инфекциясының таралуына ықпал ететін көпшілік шараларды өткізуге тыйым салу туралы» Қаулысына қол қойды.

Аталған Қаулыға сәйкес, Алматы қаласының аумағында Құрбан айтты мерекелеу күндері төмендегі жайларға тыйым салынатыны хабарланды:

1) жекеменшік формасына қарамастан, барлық ұйымдарда, сонымен бірге, жекеменшік үй-жайлар және медреселерде көпшілік шараларды өткізуге;

2) мал сойысын ұйымдастыруға және өткізуге, Алматы қаласының аумағында автокөліктермен әкелінген малдарды сатуға және жеке иеліктегі үй-жайларында мал сату ;

3) 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы қаласының Орталық мешітімен бекітілген онлайн режимде құрбан шалуды жүзеге асыратындардан басқа, мал сататын цехтар мен базарлардың жұмысы тоқтатылады.

Сонымен бірге, Алматы қаласының полицейлері ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп, 27.07.2020 ж бастап, 02.08.2020 ж аралығында Алматы қаласына кіреберістерде онлайн режимде құрбандық шалуға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына малдардың әкелінуін болдырмау және жолын кесу бойынша посттар ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен 27.07.2020 ж- 02.08.2020 ж аралығында Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау күшейтіледі.

Ж.Бекшин айтуынша, аталған шаралардың коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Осы шаралар арқылы адамдар бір жерге көп жиналмауын қадағаламақ.

Жеке үйде құрбандық шалуға болмай ма?

Аталған қаулы жариялана сала, көпшілік арасында «Алматыда жеке адамдар құрбандық шалуға болмай ма» сұрақ туындаған. Бірақ белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы жеке үйде құрбандық шалуға болатынын айтты.

«Кейбір журналистер Бекшиннің сөзін бұрмалап, “жеке үйде құрбандық шалуға болмайды” деп беріп жатыр. Жеке үйде елді жинап көпшілік болып құрбандық шалуға болмайды. Ал отбасы мүшелері өздері ғана шала берсе, оған рұқсат», - деп жазды Жолдыбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Құрбан шалуға онлайн тапсырыс беруге болады

Ал карантинге байланысты қалай құрбандық шалып, мұқтаж адамдарға қалай тарату керек екенін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы түсіндіріп берді.

ҚМДБ-ның хабарлауынша, құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосылған. Осы сайт арқылы құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беруге болады.

Аталған сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар көрінеді.

Құрбандыққа шалынатын малдың біртұтас бағасы да белгіленген екен. Qurban2020.kz сайтында сақ малдың бағасы 50 мың, ірі қараның бағасы 350 мың деп көрсетілген. Ұсақ малды бір адам, ірі қараны жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады.

1 жасқа толмаған, 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмей қалуы мүмкін

Ал Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің айтуынша, құрбанға шалынатын малға қойылатын талаптар бар.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қойдың бағасы 50 мың, ірі қараны 350 мың деп бердік. Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек. Ал 1 жасар қойдың бағасы үшін 50 мың өте жақсы баға», - деді бас имам.

Бір жасқа толмаған қойлар құрбандықтың орнына жүрмей қалуы мүмкін. 50 мың теңге - елордадағы базарлардағы малдың орташа бағасы осындай», - дейді елордалық бас имам.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322