Жұма, 22 Қараша 2024
3825 3 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 16:41

МӘМС тағы 250 миллиард теңге сұрап отыр

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» коронавируспен күреске бюджеттен тағы 250 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы қордың жаңадан тағайындалған басшысы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл ақша күзде өршитін тұмау мен инфекциялық ауруларға, коронавирусты емдеуге жұмсалатын көрінеді.

Бұған дейін коронавируспен күрес шараларына жалпы 56,7 миллиард теңге бөлінген. МӘМС басшысының мәліметінше, бұл  ақшаның 38,1 миллиард теңгесі қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге жұмсалған. Ал, 13,4 миллиарды медициналық көмек пен стационарларға, 5,2 миллиарды ПТР-диагностикаға бөлінген.

Сонымен қатар, қор маусым айының соңында қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медицина қызметкерлері мен жеткізуші мекемелерге көрсетілген қызметтерге 44 миллиард теңге төлепті.

Айта кетейік, жыл басында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы» активтері 251 млрд.теңгені құраған. Ал, бірінші жартыжылдықтағы кіріс 260 млрд.теңге. Оның ішінде мемлекет алымы 147 миллард теңге болған.

Сонымен қатар, МӘМС ке түсетін қаражаттың 76 миллиард теңгесі жұмыс берушілерден, 37 миллиарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан түскен. Ал, қор активтері 2020 жылдың 1 шілдесінде 361 миллиардтан асақан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320