Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5241 4 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 16:37

«СҚ-Фармация» басшыларының жалақысы неше?

«СҚ-Фармация» ЖШС басшылары мен қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны ақпаратта жария болды. Бұл туралы «tengrinews.kz» сайты «СҚ-Фармацияның» баспасөз қызметіне сітлеме жасай отырып жазды.

Компанияның баспасөз қызметі редакция жолдаған сауалға жауап ретінде штат кестесіне сәйкес шегерімдерді есептемегенде келесідей жалақы қарастырылғанын хабарлады:

-менеджерлер – 200 мың теңгеден;

-бас менеджер – 350 мың теңгеден;

-қызметкерлерді әкімшілік басқарушы – 450 мың теңгеден;

-басқарма мүшелерінің, оның ішінде, басқарма төрағасының жалақысы – 750 000 теңгеден басталады.

«Даму жоспарын нақтылауға сәйкес 2019 жылдың екінші жартыжылдығында штат саны бес адамға көбейді, жоспарланған еңбекақы қоры азайды. Бүгінде қаржылық есепте аудит жүргізіліп жатыр, ол аяқталғаннан кейін Мемлекеттік мүлік порталында 2019 жылға арналған даму жоспарының орындалуы еңбекақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар бойынша ақпарат орналастырылады», - делінген хабарламада.

1 жылдың 2020 шілдесіндегі жағдай бойынша «СҚ-Фармация» штатында 150 қызметкер бар.

Барлық қызметкер жоғары білімді, оның 29 пайызында екі не одан көп білім бар. Компаниямен еңбек қатынасында тұрған 123 қызметкердің ішінде:

59 адамның (48 пайыз) фармацевтикалық, медициналық білімі бар;

33 адамның (27 пайыз) экономикалық білімі бар;

11 адамның (9 пайыз) техникалық білімі бар;

18 адамның (15 пайыз) заң білімі бар;

2 адамның (1 пайыз) қоғаммен байланыс саласында білімі бар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963