Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
3722 1 пікір 31 Шілде, 2020 сағат 16:45

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

«Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады.

Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды», - делінген хабарламада. .

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, енді медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

Сондай-ақ, бастауыш сыныптарда бірінші тоқсанда кезекші сыныптар жұмыс жасайды.

«Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз», - деп жазылған ресми ақпаратта.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963