Сенбі, 23 Қараша 2024
3605 0 пікір 4 Тамыз, 2020 сағат 14:37

Азат Перуашев Алик Шпекбаевқа хат жазды

Осы жылдың 16 шілдесі күні Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық сақтандыру қорының медициналық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін қамтамасыз етудегі заң бұзушылықтар туралы хат жолдаған болатын. Бірақ министрліктен жауаптың болмауына байланысты ол тікелей ҚР Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жіберді.

Қазақстан Республикасы
сыбайластық жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл
агенттігінің төрағасы
А.Ж.Шпекбаевқа

Құрметті Алик Жатқамбайұлы!

Осы жылдың 16 шілдесінде ашық ақпарат көздерінде әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры (ФСМС) қызметкерлері стационарлық көмек туралы шарттар жасау кезінде реанимациялық бөлімшелердің болуы туралы кепілді медициналық тегін көмек көрсету талаптарын (ГОБМП) жүйелі түрде бұзылатыны туралы ақпарат жарияланды.

Осы ақпаратқа сәйкес, ГОБМП ережелерінде стационардағы әрбір 100 төсек орынға кем дегенде 15 реанимациялық төсек орын болуы тиіс және  реанимациялық бөлімшілер құрал-жабдықтармен, оның ішінде ИВЛ аппараттары болған кезде ашылуы қажет деген міндетті талаптар ескерілген.  

Бірақ автор Қуаныш Керімқұлов (ҚР Алғашқы жеке аурухана ашқан) ФСМС лауазымды тұлғасы сыбайластық жемқорлық қатынастар негізінде аталған ГОБМП талаптарын айналып өтіп, тұрғындармен стационарлық көмек көрсетуге шарт жасағанын, оның салдарынан қиын кезеңде реанимациялық құрал-жабдықтар болмағанын айтады. 

Автор ГОБМП талаптары орындалған кезде, көптеген азаматтардың өмірін  сақтауға және COVID-19 пандемиялық індетінің және өкпе асқынуын төмендетуге мүмкін болатынын атап көрсетеді

Осыған орай, сол күні, осы жылдың 16 шілдесінде, мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпаратта көрсетілген ГОБМП ережелеріндестационарлардың реанимациялық бөлімшелері белгіленген көлем орындарына құрылатыны, олар қажетті жабдықтармен, оның ішінде ИВЛ-дармен қамтамасыз ету  туралы талаптардың барын растауды не жоққа шығаруды сұрап хат (хаттың көшірмесі тіркеледі) жолдадым.      

Алайда осы күнге дейін (3 тамыз) министірліктен аталған сұраққа жауап алмадым.  

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сізден айтылған ақпаратқа қатысты  тексеру жүргізуді, егер расталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартуды және көрсетілген кемшіліктерді медициналық стационарлық мекемелерде жою туралы мәселені қарастыруды сұраймын.

Құрметпен, Азат Перуашев,

«Ақ жол»  Демократиялық  партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366