Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3184 10 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 15:34

Бейруттағы жарылыс: Қазақстан елшілігі ғимараты зардап шекті

Қазақстанның Ливандағы елшілігінде 113 қазақстандық тіркелген. Олардың ешқайсысы жарылыстан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы 5 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Бейруттағы жарылысқа байланысты берген түсініктемесінде айтылады.

4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта ірі жарылыс болып, кемінде 73 адам қаза болған, бірнеше мың адам жарақаттанған. Жарылыс толқыны он мың шақырым жерге дейінгі аумақта орналасқан үйлер мен ғимараттарды қиратып, бүлдірген. Ел үкіметі теңіз портындағы қоймада жарылғыш зат жарылғанын айтқан.

Министрлік сәрсенбілік хабарламасында Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы да ақпарат берген.

"Ливанда БҰҰ бітімгерлік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротациясы жүріп жатыр және алдыңғы күні (3 тамыз – ред.) қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін орындарына аман-есен жетті" делінген хабарламада.

Бұған дейін жарылыстан Қазақстан елшілігінің ғимаратында болған консулдың жеңіл жарақаттанғаны айтылған еді. Жарылыс болған кезде ол кеңседе болған. Интернетте тараған видеода (видеоны консул түсіргенге ұқсайды) елшіліктің кеңсесіндегі жиһаздардың қирап, терезелердің сынғаны көрінеді.

Жарылыс Ливан үшін өте қиын шақта болды. Елде экономикалық дағдарыс. Бұған қоса, жарылыс БҰҰ-ның трибуналында "10 жыл бұрын Ливанның экс-премьері Рафик Харириді өлтірді" деп айыпталған төрт адамның соты қарсаңында болды. Төрт айыпталушы да "Хезболла" тобының мүшесі. Олар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады. Сот шешімі жұма шығуы тиіс.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364