Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2887 2 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 17:27

Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369