Қазақстан оқушылары енді «Абайтану» оқулығын оқиды
Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшебаев мәлімдеді.
Өткенда ғана ашылған «Abai TV» арнасындағы «Сарасөз» бағдарламасына келіп, сұхбат берген мемхатшы Қырымбек Елеуұлы мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы енгізілетінін бұдан өзге Абайтану ғылыми-зерттеу орталығының ашылатынын айтқан.
«Қазіргі уақытта оқулық әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зерттеу орталығы ашылмақ», - деді Мемлекеттік хатшы.
Президент Тоқаев пәрмен беріп, қазақтың ойшыл ақыны Абайдың 175 жылдығы ел көлемінде тойланады дегеннен атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілген. Қырымбек Көшербаев Абайдың 175 жылдығын ел көлемінде тойлау туралы арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның төрағасы болған.
Алайда дүниежүзіне таралған коронавирус індеті сол жоспарлы шаралардың бірпысырасын кейінге шегеруге мәжбүрлеген-ді. Карантинге қатысты жалпыхалықтық іс-шаралар шегерілгенімен, тойдың мазмұны сақталды. Елдегі бірқатар нысандарға Абай есімі берілді. Абай телеарнасы ашылды. Енді міне, «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы мектеп бағдарламасына енгізілмек.
«Абайдың шығармаларын дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударып шығардық. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. ЖОО-ның филология, тарих факультеттеріне міндетті түрде енеді.
Сонымен қатар, ЕҰУ-да Абай академиясының ғылыми-зерттеу институтын құрдық. Өйткені, абайтанумен айналысатын ғылыми орталықтар көп. Бірақ бір жүйеге келмеген. Бір жерде болсын деп Абай академиясының ғылыми-зертту институтын құрдық», - депті Қырымбек Көшербаев.
;feature=emb_titleСондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің жанынан да Абай орталықтары ашылмақ көрінеді. «Сарасөзге» сұхбат берген мемхатшы Көшербаев бұл жаңалықты да сүйіншілеу жеткізіпті.
Аталған сұхбаттың толық нұсқасы «Abai TV» және «Қазақстан» арналарында 10 тамыз – Абай күні көрсетілмек.
Abai.kz