Сенбі, 23 Қараша 2024
2187 0 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 14:20

Оралдықтар реабилитациялық орталық ашуға қарсы

Қазақстанның Орал қаласында "Жұлдыз" шағын ауданының 20-дан астам тұрғыны аймаққа коронавируспен ауырып, жазылғандар үшін реабилитациялық орталық ашуға қарсы болды.

Олар құрылыс алаңына жиналып, орталық құрылысы тұрғындар арасында коронавирус "жұқтырып алу тәуекелін күшейтеді" деді.

"Аурухана бұл жерге салынбауы керек. Мұнда науқастар жүрсе, біз және балаларымыз ауырып қалмай ма? Біздің үй мен құрылыс арасындағы қашықтық 100 метр. Аурухана салуға басқа да жерлер жеткілікті ғой. Біз құрылысқа қарсымыз!",- деді Есбатыр Сисенов атты тұрғын.

Жиналғандар Сисеновтің айтқанын қолдап, "Одан қайта мектеп салыңдар!", "Жолды жөндеңдер!", "Балалар алаңын салыңдар!" деп айқайлады. Олармен жолыққан қала басшысы Абат Шыныбеков пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов аурухана құрылысы тұрғындар өміріне қауіп туғызбайтынын жеткізді.

- Барлық ірі ауруханалар қала орталығында орналасқан. Олардың айналасында көп қабатты үйлер бар. Вирус ауа арқылы өте жақын аралықта ғана жұғады. Сіздер үшін ешқандай қорқыныш жоқ", - деді Каюпов.

Қала басшысы реабилитациялық орталық құру — Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі екенін, әкімшілік лайықты жер тауып бергенін білдірді.

"Бұл реабилитациялық орталықтың құрылысы үшін өте ыңғайлы жер. Барлық қажетті коммуникациялар бар. Эпидемия аяқталғаннан кейін бұл жер клиника болып, тұрғындарды қабылдайды", - деді Шыныбеков.

Шағын аудан тұрғындары билік өкілдерінің сөздеріне сенбеді. Олар Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Искалиевпен жолығуға әрекет ететінін жеткізді.

Осыған дейін Қазақстанның басқа да бірнеше аймағында жергілікті тұрғындар коронавируспен ауырған науқастарға арналған нысандарды ашуға, салуға қарсылық білдірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404