Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5471 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 08:46

Рамазан ӨТЕПҚАЛИЕВ. Исатайдың ұрпақтары қайда жүр?

Қазақ халқының батыры Исатай Тайманұлының қаза болғанына - 170 жыл

XVIII ғасырдың 30 жылдарында Кіші жүздік Қазақстан Россияның құрамына қаратылды. 1801 жылы он бірінші наурызда император Павел-1-нің указымен Еділ мен Жайық арасынан арғы атасы Абылхайыр-Нұралы баласы Бөкей сұлтанға жер берілді.

Қазақ халқының батыры Исатай Тайманұлының қаза болғанына - 170 жыл

XVIII ғасырдың 30 жылдарында Кіші жүздік Қазақстан Россияның құрамына қаратылды. 1801 жылы он бірінші наурызда император Павел-1-нің указымен Еділ мен Жайық арасынан арғы атасы Абылхайыр-Нұралы баласы Бөкей сұлтанға жер берілді.

1812 жылы Бөкей сұлтан хандыққа сайланды. 1815 жылы Бөкей өлгеннен кейін, 1823 жылға дейін Бөкейдің інісі Сығай хан болды. 1823 жылы хандық дәрежеге Жәңгірдің қолы жетті. Жәңгір Астрахань генерал-губернаторы Андреевскийдің ү йінде жатып, орысша оқыған, төрт тіл білген. Өте сауатты адам болған. 1845 ж. Жәңгір өлгеннен кейін хандық билік таратылып басқару жүйесі патша чиновниктерінің советіне берілді. Қазақ халқы туған елін отарлық және әлеуметтік езгіден азат ету жолында қанын да, жанын да аямаған талай-талай батырларды туғызды. Солардың бірі - 1836-1838 жылдарда Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде қазақ шаруасы отарлық және феодалдық езгіге қарсы көтерілісін ұйымдастырып, басқарушы қазақ халқының батыры - Исатай Тайманұлы. Бүгінгі күні Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының Еуразияның кең даласында халық қамы үшін жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен қажырлы қолбасшылар болғандығы тек Қазақстан Республикасы емес, одан тыс елдерге де белгілі. Оның айғағы 2003 жылы сол көтерілістің рухани көсемі, ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық дәрежеде тойланды.

Қазақ халқы Исатай мен Махамбет батырлардың есімдерін қастерлеп, есте ұстап келеді. Олардың есімдері елді мекендерге, аудандарға, оқу орындарына берілген. Орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша өтілетін И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс тарихына айрықша назар аударылуда.

2006-2008 жылдарда Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліске биыл 170 жыл толады.
Көтеріліс барысында патша өкіметінің зеңбірікпен қаруланған әскерлері мен екі ірі шайқас болды. Оның бірі - 1837 жылғы 15 қарашадағы «Тастөбедегі» (қазіргі Құрманғазы ауданы аймағында) және екіншісі 1838 жылғы 12-ші шілдедегі «Ақбұлақ» өзені бойындағы (қазіргі Ақтөбе облысы «Қобда» ауданы аймағында) шайқастар. Өкінішке орай, 1838 жылы 12 шілдедегі «Ақбұлақ» өзені бойындағы ауыр шайқаста көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Осы арада айта кетейік дегеніміз халық батыры Исатай Тайманұлының ұрпақтары көп және оның көбісі біздің облыста тұрады. Исатайда алты ұл: Жақия, Ақай, Оспан, Досмағанбет, Дінбаян, Әлпияр және бір қызы - Дүлзада болған. Ақай жиырма жасында - 1837 жылғы қазан айында хан ордасының түбіндегі ұлы шайқаста қаза болды. Оспан үйленбестен ауырып қайтыс болды. Жақия 1838 жылғы 12 шілдедегі «Ақбұлақ» өзенінің құйылысындағы ірі шайқаста әкесіне жәрдемдесіп жүргенде жау қолына түсіп, шет елге айдалып кетті. Содан хабарсыз кетті. Артында жалғыз ұлы - Шахмет қалды. Одан - Шамақ, баласы - Құрмет қалды. Құрмет Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман келіп еді, қазір өмірде жоқ. Балалары Исатай ауданында тұрады.

Досмағанбеттің шөбересі - Шайдолла Қодаров сол жылдарда қала түбіндегі Жұмыскер селосында тұрған. Қазір өмірде жоқ. Баласы Ғазиз Қодаров Ғ.Мұратбаев орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.
Дінбаяннан - Өтепқали (1930 жылы қайтыс болды), Серәлі, Қарелі, Қарес, өмірге келсе, Өтепқалидан - Сәлен, Құбайдолла, Ибрайм, Қамза, Қишекен, ал Қам задан - Уахит, Сайдол, Зейнеден туды. Бұлар Исатай ауданында тұрады. Қишекеннің баласы - Қабес Атырауда тұрады.

Алпиярдан - Дина, Жұмазия деген қыздар болды. Бұлар да қайтыс болды.

Исатай батырдың шөберелері Атырау қаласында, Балықшы, Махамбет, Исатай аудандарында тұрып жатыр.
Исатай Тайманұлының қаза болғанына 170 жыл толуына арнап, батырдың иманы-жолдас болғай демекпіз!

 

 

Рамазан ӨТЕПҚАЛИЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зейнеткер-тарихшы.

«Атырау» облыстық газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404