"Азаматтар демалыс күндері ауруханаға барғысы келмейді. Оның үстіне, сенбі-жексенбіде емхана жабық тұрады, сол себепті дүйсенбі-сейсенбі күндері адамдар қаралуға көп келеді", – деді баспасөз хатшысы.
Қазақстанда өткен тәулікте белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 1081 адамның шалдыққаны анықталған. Бір тәулікте пневмонияның осы түрінен 11 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1-18 тамыз аралығында "коронавирустық пневмонияға" шалдыққандар 19 754 адамға жеткен. Осы аралықта 231 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 18 тамызда Сovid жұққаны зертханалық талдаумен расталған 15 адам көз жұмған. 13 наурыздан бері барлығы 1446 адам қайтыс болған.
Қазір коронавирус инфекциясынан 15 839 адам емделіп жатыр. 71-і – бала. 7 383 науқас стационарда жатыр. 366 адамның жағдайы – ауыр, 90 адамның жағдайы – өте ауыр. 59 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне оның ішінде Қазақстанға да коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын, бірақ зертханалық талдаумен расталмаған пневмония түрін біріктіруге кеңес берген. Көрші Қырғызстан шілде айының ортасында көрсеткішті біріктірген. Ал Қазақстан бастапқыда біріктіретінін мәлімдегенмен кейінірек бұл ниетінен айнып қалды. Егер екі көрсеткішті қосса, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 123 754 адамға жетеді. ДДСҰ ресми сайтында Қазақстандағы Covid статистикасын солай біріктіріп көрсеткен.
Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан тамызға дейін пневмонияға (пневмонияның барлық түріне) 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.
Abai.kz