Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4125 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 09:08

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ. Ізгілік феномені

Тарихқа “қырғи-қабақ соғыс” жылдары деген атаумен енген кезеңде НАТО-ға мүше елдер мен “Варшава шар¬¬тының” құрамына кіретін мем¬лекеттер бір-бірімен текетіресіп тұрды. Баршаға белгілі, НАТО елдері АҚШ-тың төңірегіне топтасса, “Варшава шартына” мүше елдер Кеңестер Одағының айна¬ласына шоғырланды.
Социалистік бағыттағы елдерге жетекшілік жасаған Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін бұл тепе-теңдік бұзылып, әлемдік жүйені қайта жасақтауды көз¬дегендер түрлі болжамдары арқылы жаңа бағдарламалар түзе бастады.
Еуразия кеңістігінің картасы өзгеріп, сахнаға жас тәуелсіз мемлекеттер шыға бастаған тұста, дәлірек айтқанда, 1993 жылы халықаралық саясатта белді басы¬лымның бірі болып есептелетін “Foreіgn Affaіrs” журналында бас редактор, Гар¬вард университеті стратегиялық зерт¬теулер институтының директоры Сэмюэл Хантингтонның “Өркениеттер қақты¬ғысы ма?” деген көлемді мақаласы жа¬рияланды. Мақалада коммунистік идео¬логия келмеске кеткенімен, кәрі құр¬лықта жаңа күштердің – Қытай мен ислам өрке¬ниеттерінің қанат жайып келе жатқаны, таяу келе¬шекте бұлардың орасан күшке ие болып, батыс¬тық-христиандық өр¬¬ке¬ниетпен қақтығысатыны туралы сәуегейлік жа¬салды.

Тарихқа “қырғи-қабақ соғыс” жылдары деген атаумен енген кезеңде НАТО-ға мүше елдер мен “Варшава шар¬¬тының” құрамына кіретін мем¬лекеттер бір-бірімен текетіресіп тұрды. Баршаға белгілі, НАТО елдері АҚШ-тың төңірегіне топтасса, “Варшава шартына” мүше елдер Кеңестер Одағының айна¬ласына шоғырланды.
Социалистік бағыттағы елдерге жетекшілік жасаған Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін бұл тепе-теңдік бұзылып, әлемдік жүйені қайта жасақтауды көз¬дегендер түрлі болжамдары арқылы жаңа бағдарламалар түзе бастады.
Еуразия кеңістігінің картасы өзгеріп, сахнаға жас тәуелсіз мемлекеттер шыға бастаған тұста, дәлірек айтқанда, 1993 жылы халықаралық саясатта белді басы¬лымның бірі болып есептелетін “Foreіgn Affaіrs” журналында бас редактор, Гар¬вард университеті стратегиялық зерт¬теулер институтының директоры Сэмюэл Хантингтонның “Өркениеттер қақты¬ғысы ма?” деген көлемді мақаласы жа¬рияланды. Мақалада коммунистік идео¬логия келмеске кеткенімен, кәрі құр¬лықта жаңа күштердің – Қытай мен ислам өрке¬ниеттерінің қанат жайып келе жатқаны, таяу келе¬шекте бұлардың орасан күшке ие болып, батыс¬тық-христиандық өр¬¬ке¬ниетпен қақтығысатыны туралы сәуегейлік жа¬салды.
Мақалаға байланысты әр түрлі пікірлер айты¬лып жатты. Әуелгіде сұ¬рақ қойып, жалпы жұрт¬шылықтың тамырын ба¬сып көрген Хантингтон өз ойларын толықтыра түсіп, 1996 жылы “Өркениеттер қақтығысы және әлемдік жүйенің қайтадан құрылуы” деген әйгілі кітабын жариялады. Бұрынырақ Ақ үйде, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде қызмет атқарған автордың бұл көлемді еңбегі әлемде жаңа тартыстың баста¬луына түрткі болды. Микро деңгейде ис¬лам мен православие, будда, африкалық және батыстық христиандық арасында, макро деңгейде мұсылман, будда және христиандық өркениеттер арасында үлкен қақтығыс орын алатынын айтқан Хантингтон бұл соғысқа батыстың мен¬мендігі, исламның ымырасыздығы және Қытайдың қырсықтығы себеп болады деген болжам жасады. Автор сондай-ақ “Өркениеттер қазаны” деп атаған Азия аймағында Ресей, мұсылмандық Азия, Қытай және АҚШ арасында қақтығыс жүреді деген пікір айтты.
Хантингтонның кітабына АҚШ-тың белгілі ғалымдары қолдау көрсетіп, жаңа мыңжылдықтың басында адамзат бала¬сын алапат апаттардың күтіп тұрғанын жарыса жаза бастады. Баспасөз бетте¬рінде “радикалды ислам”, “ислам фунда¬ментализмі”, “саяси ислам”, “ымырасыз ислам” деген сияқты жаңа терминдер пайда болып, олар әлем жұртшылығына ұсынылып жатты. Көп ұзамай Френсис Фукаяма “тарихтың соңын” жариялап жіберді. Ал танымал ориенталист-ғалым, профессор Бернард Левис өркениет¬тер¬аралық соғыстың болмай қоймайтынын, тіпті ислам өркениеті өзінің ішінде сүн¬нит-шиит болып қырқысатынын айтып сәуегейсіді. Есімі оқырмандарға етене таныс Звигнев Бжезинский де 1997 жылы жариялаған әйгілі “Үлкен шахмат тақтасы. Американың басымдығы және мұның геостратегиялық қажеттілігі” деп аталатын атышулы еңбегінде әлемдік жаңа бәсекелер мен қақтығыстар туралы болжам жасады. Кітабында Еуразияға кім үстемдік құрса, сол әлемдік саясатта басымдыққа ие болады деген пікір айт¬қан автор Қазақстанды негізгі қақтығыс алаңдарының бірінен санады. Бұдан бұрын, 1993 жылы “NPQ” журналына берген сұхбатында да Бжезинский “Эт¬ностық қазан” деп атаған аймақта Кон¬фуций ілімі, ислам және христиандық арасындағы бәсекелестіктің өршіп, оның арты Югославияда болғандай қанды қақтығысқа апарып соғуы мүмкін екенін айтты.
Жоғарыда аталған еңбектерде әлем жұртшылығына, соның ішінде Қазақ¬станның тағдырына тікелей қатысты болжамдар жасалған еді. Авторлар “эт¬ностық қазан”, “өркениеттер қазаны”, “Азияның  Балқаны” деп атаған аймақта орналасқан Қазақстанды болашақта орын алуы мүмкін қақтығыстардың бел ортасында атады. Елдегі ішкі қайшы¬лықтар, этностық ала-құлалық және жас мемлекеттің геосаяси, геостратегиялық маңызына тоқталған белгілі саясатта¬ну¬шылар тіпті тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында Қазақстанда этностық қақ¬тығыстар болатынын айтып жатты. Әри¬не, оларды мұндай саяси жорамал жа¬сауға Қазақстанның бай энергети¬калық ресурстарға ие екендігі де итер¬мелегені анық. Өйткені, осы кезде әлемдік қақ¬тығыстарға бастауы мүмкін жаңа бәсе¬келер дәл осы “энергетикалық дәліздер” үшін жүріп жатты.
Оның үстіне, Кеңестер Одағы ыды¬рағаннан кейін Ош, Ферғана, Баку, Сумгаит, Таулы Қарабақ, Балтық жаға¬лауы елдерінде дау-жанжалдар болып, оның аяғы этностық қақтығыстарға, қанды соғыстарға соқтырды. Кеңестер Одағынан Қазақстанға экономикалық тұрғыдан мешеу қалған, мемлекеттік құрылымдары тоқырауға ұшыраған, шекарасы толық айқындалмаған, ұлттық қатынастары шиеленіскен ел мұра болып қалды. Қазақ елі расында жолайырықта тұрды.
Алайда сындарлы саясат ұстанған рес¬публика басшылығы тығырықтан шы¬ғар жолды таба білді. Ядролық қарудан бас тартып, халықтар ассамблеясын құрған, осы арқылы елдегі ұлттарды ұйыс¬тыра түскен жас, жігерлі мемлекет дамудың өзіндік моделін қалыптас¬ты¬рып, көп ұзамай дүние жүзіне таныла бастады. Әлемнің аузы дуалы саясаттану¬шылары енді “қазақстандық модель” туралы сөз ете бастады. Қысқа мерзімде бейбітшілік белдеуіне, ізгілік мекеніне айналып үлгерген ел туралы дүние жүзінің белді, белгілі басылымдары жарыса жазды. Мәселен, Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннан: “Қазақстан тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық салада, сондай-ақ ішкі саяси тұрақты¬лықты қамтамасыз ету ісінде үлкен та¬быстарға қол жеткізді. Қазақстан өңірлік жанжалдарды шешудің бастамашысы болуға және ядролық қарусыздану үшін батыл әрекеттер жасауға қабілетті болып шықты. Қазақстанның іс-тәжірибесі ұлтаралық және конфессияаралық сан-алуандыққа кесір емес, игілік ретінде қарау керек екендігін көрсетті. Республика көп¬теген басқа елдерге үлгі бола алады” деп мәлімдеді. Сол сияқты Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Маргарет Тэтчер ханым Қазақстан Президентіне жолдаған хатында: “Тәуелсіздік алған сәттен бастап Сіздің көрегендік саясатыңыз елді бос¬тандыққа апаратын жолға алып шықты. Пессимистер, бәлкім, сіздің еліңіздің этнос¬тық және діни әрқилылығы ұлттарды жанжалдастырмай қоймайды, сөйтіп, Қазақстанды әлсіретеді деп үміттенген бо¬лар. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің әралуандығының арқа¬сында гүлденіп келеді және өзінің әралуан дәстүрлер мен діни сенімдерге байлығының арқасында қуатына қуат қосуда. Сіздер басқаларға үлгі болдыңыздар”, деп жазды. Этностық және діни жанжалдар толастамай тұрған Таяу Шығыстағы Израиль мемле¬кетінің сыртқы істер министрі, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығымен марапатталған Шимон Перес те өз таңданысын жасыра алмай: “Қазақ¬стан ұлтаралық және конфессияаралық келісім елінің өте жақсы моделі болып табылады”, деп атап көрсетті.
Елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етумен бірге, әлемдік деңгейдегі шараларға да белсене араласа бастаған  Н.Ә.Назарбаев Қазақ елі тәуелсіздігін жаңа алған тұста Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассам¬блеясында сөйлеген сөзінде әлемдік қау¬ым¬дастықты күш біріктіріп, ерікті ынты¬мақтастық қадамын жасауға, сөйтіп, дағ¬дарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын ортақтаса шешу үшін бар¬лық елдердің әскери бюджетінен 1 пайыз бөлуге шақырды.
Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан көп векторлы саясат ұстану, бұрынғы одақ¬тастарымен ортақ тіл табысу, туысқан түркі жұртының жақындасуына және Азиядағы ынтымақтастыққа ұйытқы болу, тіпті Үндіс¬тан мен Пәкстан сынды алып елдерді татулыққа шақыру сияқты келелі әре¬кеттері арқылы шын мәнінде еуразиялық мемлекетке айналып үлгерді.  
Осылайша, бір-біріне қабысқан сөзі мен ісі арқылы Хантингтонның пікірлерін жоққа шығарған Нұрсұлтан Назарбаев әлем жұртшылығына ғасырлар тоғысында өркениеттер арасында қақтығыс емес, кері¬сінше, мәдениеттер арасында келісімнің, әлемдік ізгіліктің алтын кілтін ұсынды. Қа¬зақстан Президентінің әлемдік өркениеттер қақтығысына жол бермеу үшін жасаған қажырлы еңбектері, діннің сүйіспен¬шіліктің кепілі ретінде адамзат баласының тарихында алар орнын көрсету мақсатында дәстүрлі діндер мен конфессиялар өкіл¬дерін Астанаға жинап, олардың басын қосуы және ұйытқы болған өзге де игі іс-шаралары мұның жарқын айғағы.
Жалпы, “өркениеттер арасындағы қақ¬ты¬ғыс” туралы пікірлердің бүкіл адамзат үшін аса қауіпті екенін ескерткен, тіпті оған қарсы шыққан Иран президенті Мұхаммад Хатами, Польша президенті Лех Валенса сияқты танымал саясаткерлер мен мемлекет басшылары болды. Әйтсе де, олардың пікірлері жеке ұстаным ретінде қалып жатты. Ал Н.Назарбаев әлемде өркениеттераралық қақтығыс пікіріне қарсы тұруды, мәдениеттер мен дін өкілдері арасындағы үнқатысуды жан-жақты қолдауды мемлекеттік саясатқа айналдырған жалғыз мемлекет басшысы болып қалды. Осы арқылы Қазақстан Президенті өзінің аймақтық қана емес, әлемдік өреде ойлайтын кесек күрескер, бүкіл адамзаттың тағдырына алаңдайтын табанды тұлға екенін көрсетіп берді.  
Көптеген тілдерге аударылып, айтулы ғалымдар мен мамандар тарапынан жоғары баға алған, жалпы оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген “Сындарлы он жыл” атты кітабында “әлемдегі лаңкес¬тік¬тің түпкі себебі дамудың теңсіздігінде жа¬тыр” деп атап көрсеткен Нұрсұлтан Әбіш¬ұлы діннің бөлуші, іріткі салушы емес, керісінше, елдің етегін жабар ұйытқы, мемлекетті дағдарыстардан құтқаратын, халықты рухани бірлікке шақыратын фактор екенін алға тартады. Соның ішінде, әсіресе, халқымыздың құндылықтарының бастауы болған ислам діні туралы Н.Назарбаев: “Бәрінен бұрын біз үшін Ислам – өзімізді-өзіміз таныта алудың мүмкіндігі. Қазақ халқының басқа да діни тәубе етушілікке құрметпен қарауы, олар үшін діни экстремизмді жүзеге асыру былай тұрсын, ол туралы жұрт көзінше сөз етудің өзіне тыйым салатын тиімді тос¬қауыл болып табылады”, – деп атап көрсетті.
Жаңа мыңжылдықтың басында, 2001 жылы қыркүйек айында дүние жүзін дүр сілкіндірген террорлық әрекеттен кейін әлемдегі алпауыт елдер ислам дінін жаппай айыптап жатқан кезде Н.Ә.Назарбаевтың байыпты да парасатты сөздері талай жұрт¬ты сабасына түсіріп, келелі ойға шақырды. Пәтуалы пікірден даурықпа сөз озып тұр¬ған сол тұста Қазақстан Республикасының Президенті: “Исламдық қауіп-қатер” деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы емес, исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді”, деп жазды. Ислам мен терроризм¬нің еш уақытта қабыспайтынын, бұл екі ұғымның бір-біріне мүлдем кереғар екенін дәлелдеп, әлемдегі барлық діндердің адам¬затты тек ізгілікке шақыратынын айтқан Елбасы, мұсылман дінін ұстанатын Қазақ еліне әлемдегі католиктердің дінбасы Иоанн Павел ІІ-ні шақырып, қонақ қылды. Қазақ жеріне табан тіреп, әлемдік бейбітшілік үшін тілек тілеген Рим Папасы өз сөзінде: “Ұлы даланың татулығы мен келісімі рахат таңданысқа бөлейді және көпұлтты мемлекетте бейбітшілікті сақтауға болатындығын дәлелдейді”, деді. Осы әрекеті арқылы Елбасы халқымыздың кеңпейілділігі мен қонақжайлығын көрсе¬тіп, ислам дінін “бүлікшіл, терроршыл дін” деген жала мен жаппай айыптаулардан арашалап алуға ұмтылған еді.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Бүкіл¬әлемдік ислам лигасының бас хатшысы Абдолла әт-Түрки, Израильдің бас раввині Йона Мецгер сынды әлемдік діндердің белгілі өкілдерімен кездесіп, пікірлесті. Бұл кездесулерде барлық діндердің ізгілік дәнекері ретінде терроризмге қарсы екені баса айтылды.
Иә, еліміз егемендік алғалы бері алқалы жиындарда бой көрсетіп жүрген Қазақстан басшылығы қашанда бірлік, ынтымақ¬тастық жайынан сөз қозғап, қазақ халқы¬ның бауырмалдығын, оның татулық пен бейбітшілікті қолдайтын, сенім мен сүйіс¬пеншілікті асқақтататын дархан мінезін әлемге танытумен келеді. Соның жарқын айғағы ретінде Елбасының тікелей ұйытқы болуымен Астана қаласында өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі құрылтайы еліміздің даңқын бүкіл әлемге паш етіп, әйгілей түсті. Негізгі халқы мұсылман болып табылатын Қазақ¬станда бірнеше дін өкілдері өзара түсініс¬тікпен өмір сүріп жатқандықтан, Елбасы бұл әрекеті арқылы діндердің қақтығыс пен қырғынның емес, татулық пен түсіністіктің дәнекері екенін бүкіл дүниеге жария етті. Еуразия құрлығында ұлтаралық татулық пен түсіністіктің, рухани келісім мен өзара үйлесімнің өзіндік аралына айналып отыр¬ған Қазақстанның бастамасы бойынша ұйымдастырылған бұл басқосулардың мақсаты – дін өкілдерінің бүкіл әлемде болып жатқан қантөгістерге тоқтау айтып, жаһанда тұрақтылық пен тыныштық орнатуға, осылайша, адамзат баласының түсіністік пен бейбітшілік жағдайында өмір сүруіне ықпал жасау болатын.

<!--pagebreak-->
Расында, бүкіл діндердің негізінде сенім мен сүйіспеншілік, мейірім мен махаббат бар. Ал, діндерарасы деп атап жүрген соғыстардың астарынан саяси, әлеуметтік және экономикалық себептер іздеген жөн. Мәселен, кезінде мұсылман әлемін қанға бөктірген крест жорықтарының мақсаты орасан байлық пен ауқымды жерлер иелену болғаны жасырын емес. Сонымен қатар, діндер арасында татулық болмай, әлемде бейбіт өмірдің тұрақталмайтыны да анық. Дінді дұрыс түсінбеу немесе өзге дінді біржақты білу де қақтығысқа апарып соғатын факторлардың бірі.
Дұшпандықтың білместіктен туын¬дай¬тыны сияқты, келісім – білуден, білу – танудан, тану – өзара әңгімеден бастау алады. Диалог дегеніміз келісім мен сый¬лас¬тық, өзара түсіністік пен өзгеге төзім¬ділік дейтін болсақ, бұл әңгіме шынайы ықыласпен және терезесі тең жағдайда өтуі керек. Ал, кездесудің астарында келісімге жат пиғыл мен миссионерлік ниет болса, онда бұл диалог емес, монологқа айналып кетері сөзсіз. Сондықтан, діндарлар ара¬сын¬дағы басқосулардың негізгі мақсаты қойыртпақ, жаһанға ортақ жаңа дін жасау емес, әлемдегі әділетсіздіктер пен қақты¬ғыстарға, түрлі келіспеушіліктерге тоқтау айтып, нашақорлық, ұрпақ азғындауы немесе экологиялық апат сияқты адамзат баласының ортақ мәселелеріне ізгілік арқылы шешім іздеуде жатыр. Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  ІІ съезінде сөйлеген сөзінде дін өкілдері арасындағы диалогтың, өзара үнқатысудың шеңберін: “...Біріншіден, алдын ала кесіп-пішусіздік, өзара қабыл¬даудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаң¬дықтарынан бас тарту. Келеңсіз қасаң¬дықтардан бас тартпайынша, үнқатысуға кірісудің қажеттігі жоқ. Екіншіден, басқа¬ның тылсым саласына баса-көктеп кіруден саналы түрде бас тарту. Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бұл қарапайым қағида, өкінішке қарай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге, басқа діндерге қатысты өз сөздеріне нем¬құрайды қарайтын дін қызметшілерінің өздері жиі бұзады. Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердің жаңа, қалыпты емес қатерлерге бірлескен жауабы. Егер саясат әлемінде мұндай қалыпты емес қатерлер лаңкестікпен, жаппай қырып-жою қаруының таралуымен, трансшекаралық қылмыспен байланысты болса, рухани дүниеде бұдан әлдеқайда іргелі қатер туын¬дауда”, –  деп атап көрсетті.
Айта кетерлік жәйт, Астана қаласында екі рет өткізілген діндарлардың басқосуы дінімізге жат құбылыс емес, керісінше, оның түп тамыры Алланың сөзінен бастау алады. Өзге дін өкілдерін келісімге шақыр¬ған қасиетті кітап Құранда бұл туралы: “(Ей, Расулым), былай де: Ей, кітап түсі¬рілгендер! Келіңіз, сізбен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік. Яғни, Алладан басқасына құлшылық етпейік, Алладан басқа тәңір танымайық. Егер бұған теріс айналса былай де: Куә болыңыз, біз Аллаға мойынсұнған мұсылманбыз”, – деп ай¬тылады. Осылайша, христиандар мен яхудилерді серік қоспай, тек Тәңірге ғана табынуға шақырған Құран мұсылмандарды басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Алла мен ақырет күніне сенбейтін дінсіздерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауға уағыздады.
Алланың жолдауы – ізгілік бастауы. Исламның бір мағынасы да бейбітшілік. “Адамзатты махаббатпен жаратқан” (Абай), сондықтан, адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезімдер дарытқан, тура жолды, ақиқатты көрсетіп, мейірім-шуағын төккен Аллатағала, хадисте айтылғандай, “пендесін ананың өз перзентін сүйгенінен артық жақсы көреді”.
Ұлы Жаратушы қасиетті Құран-Кәрімде бір-бірімен танысып, білісу үшін адам¬дарды қауым-қауым, тайпа-тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Ендеше, біле-білсек, біздің ұлттық ерекшеліктеріміз, әрқилы дәстүріміз бен мәдениетіміз бөліну емес, бірігу, айрылу емес, танысып, білісу үшін екен.
Құран бізге Адам-Ата алейһиссаламнан бері Аллатағаланың құзырында тек бір дін – ханиф дінінің ғана болғанын айтады. Ханифтік діннің мағынасы Алланың адам¬заттың болмысына, табиғатына лайықтап, әуел баста түсірген ақиқат діні. “Рұм” сүресінің 30-аятында бұл туралы былай делінген: “Бәрінен бет бұрып, жүзіңді ханиф дініне қарат. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Хақ діні – осы. Алайда адамдардың көпшілігі мұны түсінбейді”.
Бүкіл пайғамбарлар адамзатқа Аллатаға¬ланың бір және теңдессіз екенін, ақыреттің бар және тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Бұл – Абайша айтқанда “... неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір құдай бар деп кел¬ген¬дігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі”.
Құранның “Шура” сүресінің 13-аятында, “Әнбия” сүресінің 25-аятында және “Рұм” сүресінің 30-аятында Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед алейһиссаламдарға түсірілген уаһиді дұрыс ұстану үшін діннің шариғат-заң ретінде бекітіліп берілгені баяндалады. Сол сияқты “Әли Имран” сүресінде: Ибраһим пайғам¬бар¬дың яхуди де, христиан да емес, ақи¬қатқа бет бұрған мүсілім екені айтылады. Жалпы, Ибраһим алейһиссалам көктен түскен үш діннің – иуда, христиан және мұсылмандықтың ортақ атасы болып есеп¬те¬леді. Мұсылман болған кісі Ибраһим, Мұса және Иса алейһиссаламдарға және тағы да басқа пайғамбарларға иман етіп, олар әкелген хабарға шәк келтірмейді, тіпті, бұған иланбаған кісінің иманы кәміл болмайды. Сондықтан, бір мұсылман Иса алейһиссаламға немесе Мәриям анаға бір христианнан кем құрмет көрсетпейді, сондай-ақ, Хазіреті Мұса алейһиссаламға деген сенімі мен сезімі бір иуда діні өкілі¬нен кем соқпайды.
Құранды негізге алған Хазіреті Мұхам¬мед алейһиссалам кезінен бастап, өзге се¬нім өкілдері мұсылман өлкелерде тыныш¬тық пен сенім ішінде өмір сүрді. Мысалы, Ме¬дине қаласында яхудилер Хазіреті пайғамбарға қастандықтар ұйымдастырып, оны тіпті, улап өлтіруге әрекет жасап, мұсылмандарға сан мәрте сатқындық жаса¬ған еді. Әйтсе де, Құран-Кәрім иудашылар мен христиандарды “аһл ал-китап”, яғни қасиетті кітап түсірілгендер санатына қо¬сып, мүшриктер мен дінсіздерден жоғары бағалағандықтан, мұсылмандар әрдайым кешіріммен қарап, олардың құқығына қол сұқпай, керісінше, оларды өз қамқор¬лығына алып отырды. Осылайша, мұсыл¬ман елінде бейбіт жағдайда күн кешіп, тең дәрежеде өмір сүрген иудашылар мен христиандар арасында әр кезеңде көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз өзге сенім өкілдерінің талап-тілектерін қа¬был алып, олармен Медине және Худайбия келісімін жасаған болатын. Бұл орайда ерекше айта кетерлік жәйт, 622 жылы Медине қаласында мұсылмандар мен өзге сенім өкілдері арасында жасалған келісім – осы бағыттағы әлемдегі ең алғашқы құ¬жат. Әйгілі профессор Мұхаммед Хами¬дуллаһтың пікірінше, “Медине құжаты” тек келісім ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттегі бүкіл қауымның қатысуымен жазбаша түрде қабылданған әлемдегі ең алғашқы конституция.
Имандылық адамзат баласына парасат пен пайымды, кешірім мен келісімді, ша¬пағат пен мейірімді, қанағат пен рахымды, білім мен еңбекті насихаттайды. Сондық¬тан, ислам тарихында өзге дін өкілдеріне құрметпен қарау тек пайғамбар кезеңіне ғана тән құбылыс емес. Әділетті халифа¬лардың бірі хазіреті Омар кедей әрі жұмыс істеуге қабілетсіз, қауқарсыз өзге дін өкіл¬дері үшін мемлекеттік қазынадан арнайы қаржы айырып, жалақы төлеп тұрған. Сондай-ақ, Шам маңында моңғол әскері¬мен бітімге келген мұсылман елшісі тек мұсылмандар ғана емес, өзге дін өкілдері де тұтқыннан толық босатылмай, келісімге келе алмайтынын айтқан. Сүйікті пайғам¬барының: “Сізге аһл-ал кітапты, яғни христиандар мен иудашыларды аманат етемін”, деген хадисін бұлжымас әмір ре¬тінде қабылдаған елші өз сөзіне таңырқай қараған қарсы жаққа өзге дін өкілдерінің мұсылмандар үшін аманат екенін, ал аманатқа қиянат жүрмейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ, крест жорықшылары Испания¬дағы мұсылман мемлекеті – Андалусияны талқандап, оның бейбіт тұрғындарын жаппай қырып-жоя бастағанда, жоқ болып кету қаупі туған жергілікті яхудилер Осман¬лы мемлекетіндегі мұсылмандарды пана¬лаған. Мысалдар тізбегін одан әрі жалғас¬тыра беруге болады. Бұл орайда біздің айтпағымыз – адами қасиеттерді ардақтап, қастерлеу және адам құқығын аяққа тап¬тат¬пай, асқақ ұстау – ислам дінінің басты ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, ислам дінін кеңдік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің діні деуге толық негіз бар. Исламда дінді күштеп мойындату да жоқ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпаны күнгі Қазақстан хал¬қына дәстүрлі Жолдауында: “Қазақ топы¬рағы арқылы барлық әлемдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бізге жат. Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашық¬тығы – Қазақстандағы конфессиялар¬ара¬лық татулықтың аса маңызды тұғырлары¬ның бірі. Біз өзіміздің жатсынбас үндесуі¬мізбен күллі әлемге таныламыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамы¬тыла береді”, – деп атап көрсетті.
Диалогтың Құраннан бастау алатынын жоғарыда айтып өттік. Бұл ретте қазақ жеріндегі басқосулар арқылы ата-баба¬ларымыз ғасырлар бойы ұстанған дәстүрлі дініміздің де еңсесін көтеруіне әбден мүмкіндік бар екенін естен шығармаған жөн. Құранның “Нахл” сүресінде: “Алла жолында даналықпен, жақсы насихатпен шақыр және олармен өте көркем тәсілмен пікір таластыр”, дейді. Ал “Анкабут” сүресінің 29-аятында: “Залым емес кітап иелерімен (яхуди және христиандармен) өте көркем әдіспен пікір жарыстыр”, деп айтылған. Ендеше, хақ діннің өкілі хақиқат жолында өзгемен пікір алысудан неге қорықсын?! Әлемде түрлі аран¬датушылықтардың белең алып жатқаны жасырын емес. Бұл – дін өкілдері арасындағы үнқатысуды, ортақ үндесуді, терезесі тең отырып тілдесуді қаламай¬тын теріс пиғылды жандардың әлі де көп екенін көрсетсе керек. Сондықтан, дін өкілдері арасындағы мұндай үнқатысу, әсіресе, мұсылмандар үшін таптырмай¬тын мүмкіншілік екені даусыз. Өйткені, Ибраһим пайғамбардан (алейһиссалам) бастау алатын хақ дін өкілдері бас қос¬қан осындай алқалы жиындарда мұсыл¬ман ғалымдары исламның ізгілігін сөз ете отырып, әлемде орын алған “исламо¬фобия” төңірегіндегі жөнсіз, орынсыз да негізсіз әрекеттерді ауыздықтауға мұрын¬дық бола алады деп ойлаймыз.
Расында, әсем Астанамызда екі рет ұйымдастырылған дін өкілдері арасын¬дағы құрылтайда әлемде орын алып жатқан осындай түрлі әділетсіздіктер мен жөнсіздіктерге тоқтау айтылды да. Сон¬дықтан, елорда төрінде өткен басқосулар әлдебір сәуегей-сымақтардың “Өрке¬ниет¬тераралық қақты¬ғыс” туралы теорияла¬рына Қазақ елінің жә¬не оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев¬тың “ізгілік” туралы жауабы болды деуге то¬лық негіз бар. Әлем¬дік және дәстүрлі дін¬дер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген қо¬рытынды сөзінде Н.Ә.Нବзарбаев: “Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқа¬шан естен шығар¬ма¬уы¬¬мыз керек: Жа¬ратушы – жалғыз, дү¬ние – ортақ, аспан асты – кең, енде¬ше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ын¬тымақта өмір сүруіміз керек. Байқап қарасаңыздар, соңғы уақыт¬та дүниенің түкпір-түкпірінде жа¬һандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сон¬дықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек. ...Біз лаңкесшіл¬дік идеологиясын тамырымен жойып, ізгіліктің жалпы адамзаттық құндылық¬та¬рын орнықтыру үшін бүкіл күш-жігер¬ді жұмсауға тиіспіз. Сондықтан лаңкес¬шілдіктің бүлдіруші идеологиясына толеранттылық, келісім мен үнқатысу идеологиясын қарсы қою керек”, деді.
Елбасының бұл игі бастамасы әлем жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тапты. Мәселен, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ашылу оқиға¬сына арнайы хат жолдаған Біріккен Ұлт¬тар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Ан¬нан қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан оқиғалар мен түрлі дінаралық қақтығыс¬тарға қарсы тұрудағы дінбасыларының ауызбіршілігінің болмай отырғандығын айта келіп, қашан да адамзаттың алдын¬да тұрған басты міндет – бейбітшілік пен келісім барлық жер бетіндегі тұрғын¬дардың амандығының ауызбіршілікке тікелей байланысты екенін атап өтті.
Ал Астанадағы конфессияаралық өзара түсіністікті тереңдету жөніндегі форумның мақсаттарын қолдаған АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш Елбасына жіберген жолдауында: “Мен Астанаға Бүкіләлемдік діндер конгресіне жи¬налған азаматтық және діни жетекші¬лерді құттықтаймын. Құрама Штаттар дін ұстану азаттығы мен жалпы бостан¬дық¬ты дамыту, сондай-ақ лаңкестік се¬беп¬терін жою мақсатындағы конфессия¬аралық өзара түсіністікті тереңдету жө¬ніндегі Конгрестің мақсатын қызу қол¬дайды. Мен Сізді және Қазақстан хал¬қын аталған маңызды шараны ұйым¬дастыруымен құттықтаймын. Көпұлтты және көпконфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократияның негізінде жат¬қан төзімділік пен құрмет құндылық¬тарын алға жылжыту үшін Орталық Азия¬дағы біздің достарымызбен ынты¬мақтастықтың маңыздылығын айрықша¬лай түседі”, деді.
Франция Президенті Жак Ширактың жіберген жеделхатында 2003 жылдың қыркүйегінің 23-і мен 24-інде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас¬шылары съезінің өткізілетініне өзінің қуанышты екенін жеткізді.
Ресей Президенті Владимир Путин аталған Съезге қатысушыларға арналған құттықтау хатында “Негізгі әлемдік және дәстүрлі-ұлттық конфессиялардың өкіл¬дерін жинап отырған бұл форумның өз алдына аса маңызды және ерекше қажет¬ті міндеттер қойып отырғанын” атап көр¬сетті. “Бұл – дінаралық және ұлтара¬лық келісімнің, төзімділіктің және өзара сыйластықтың қолдауы. Дәл осы ізгілікті құндылықтарды біз бүгінде адамдардың көңіліне жеккөрушілік пен жаугер¬ші¬ліктің ұрығын сеуіп отырған халық¬аралық лаңкестер мен экстремистерге қарсы қоюымыз керек”, делінген Ресей президентінің хатында.
Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони де съезге қатысушыларға хат жолдады. Съезд делегаттарын шын жү¬ректен құттықтаған Италия премьер-ми¬нистрі құттықтау хатында “Әлемдік және дәстүрлі діндер үсті-үстіне жаһандана түсіп отырған әлемде мәңгілік құнды¬лықтарды іздеп табуға көмек бере алады әрі әртүрлі мәдениеттер, діндер мен нәсілдер арасындағы өзара түсіністікті кеңейтудің маңызды құралы бола алады”, деп жазды.
Ал Сауд Арабиясының королі Фахд бен Әбдел Әзиз әл-Сауд Съезд туралы өз ойын былайша жеткізді: “Әртүрлі мәде¬ниеттердің, діндердің өкілдерінің және қоғамдық лидерлерінің арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізудің құралы ретін¬де Сіз таңдап алған диалог – бұл әлем¬дегі ынтымақтастыққа жетудің ең табыс¬ты жолы. Бүкіл әлемнің ұлттары мен халықтары соғыстан, қақтығыстардан, өшпенділік пен нәсілдік кемсітушіліктен ада, бейбіт өмірді аңсап отырған сәттегі Сіздің бастамаңызды қолдау жанымызға қуаныш сыйлайды”.
Әлемдегі дін өкілдері мен белгілі қайраткерлер адамгершілік қағидаттарды басшылыққа алып, дүниенің төрт бұрышына айқара құшақ ашқан Қазақ елі мен оның Елбасы ұстанған сара саясатын ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің әлемдегі ең үздік моделі ретінде бағалап, Қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен келісім аймағы деп жариялады. Біздіңше, әлем жұртшылығы да қазақ даласынан бастау алған осынау ізгі идеяның баянды болғанын тілейтіні анық.

 

 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, Президент Әкімшілігінің сарап¬шы¬сы, философия ғылымдарының докторы.
«Егемен Қазақстан» газеті 27 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402